Балаларды дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту, жан-жақты үйлесімді дамыған тұлғаны тәрбиелеу, дарынды балаларды анықтау мақсатында жыл басында «Ұлттық мектеп лигасы» басталды. Аудандық, облыстық додадан үздік танылған командалар республикалық турнирге жолдама алған еді.
Таяуда Астана төрінде гандболдан жарыс өтіп, онда еліміздің түкпір-түкпірінен 13-15 жас қыздар арасындағы 17 команда бақ сынасты. Республикалық жарыста гандбол спортынан облыс намысын қорғаған Ш.Уәлиханов атындағы орта мектептің 7-8 сынып қыздарынан құралған команда қола медальға ие болды.
Гандбол құрама командасының жетекшісі Жандос Әбілхалықовтың айтуынша, спорттың бұл түріне жастардың қызығушылығы жоғары екен және бұл ойында допты қолмен ойнап, қарсылас команданың қақпасына мүмкіндігінше көбірек доп салу керек.
Н.ЖАДЫРА