БАСЫЛЫМҒА БАЛАМАЛЫ НЕГІЗДЕ ЖАЗЫЛЫП, ҚОҒАМДЫҚ
ӨМІРМЕН БАЙЛАНЫСЫН ҮЗБЕЙ ҮН ҚОСЫП КЕЛЕ ЖАТҚАН
ОҚЫРМАНЫМЫЗ, ЗЕЙНЕТКЕР, ИНДЕРБОР КЕНТІНІҢ ТҰРҒЫНЫ
САЙЫН ДҮЙСЕМБАЕВ АҒАМЫЗ
ӘДЕТТЕГІДЕЙ ӨЗІНЕ ТИЕСІЛІ
ГАЗЕТТІ АЛУҒА РЕДАКЦИЯҒА КЕЛІП ТҰРАДЫ. СОНДАЙ БІР СӘТТЕРДЕ
АҒАМЫЗБЕН ӘҢГІМЕЛЕСУДІҢ СӘТІ ТҮСКЕН БОЛАТЫН. – Мен аудандық «Дендер» газетін 1964 жылдан бастап, яғни «Комму
низм туы» аталып жарыққа шыққан сәттен бастап оқимын. Мектеп жа
сымнан газетке жақын болуыма 1893 жылы туған әкем Досмұхамбет
себепкер болды. Әкем хат танымаушы еді. Газетте жарық көрген
мақалаларды маған оқытатын. Жаңылыспасам, ол кезде газеттің бас ре
дакторы Уәжит аға Машанов пен редактордың орынбасары Мақажан
аға Қабиев еді.
Аптасына үш рет шығатын газет айдарлары да мол болатын. Әсіресе
фельетон жанрында жарық көрген мақалаларда өз ісіне олақ қараған
мекеме, шаруашылық басшылары сын садағына ілініп, тиісті шара
лар қабылданып жатқаны туралы ақпарлар беріп жататын. Шалғай
ауылдардағы шопандар өмірі, мал төлдету науқаны секілді хабарлар
көптеп берілетін. Кейін Төлеубай Ысқақов ағамыз редактор болғанда га
зет мазмұны байытыла түсті. Газеттің «Бұғалық» айдарынан менменсінген
көптеген жандар бұғып, ығысып жүретін. Газет журналистері Сансыз
бай Базарбаев, Ерсайын Көшек, Әнуар Нәбиев, Кеңес Сахи, Қойшығұл
Жылқышиев, Меңдекеш Сатыбалдиев, Себекбай Үмітқалиев секілді тағы
басқа да аға журналистердің еңбектері ұшан-теңіз деп білемін.
Газет сол әдетінен жаңылмай келеді. Өмірімізде газеттің алар орны
ерекше. Әлеуметтік желілерде ақпарат шағындап берілсе, газет бетінде
кең көлемде беріліп, талданып, сарапталып жарияланады. Газет соны
сымен де құнды деп санаймын. Алдағы 2026 жылға да бір жылға жазы
лып отырмын, – дейді зейнеткер өз сөзінде.
Ұзақ жылдар газ шаруашылығы саласында жемісті еңбек етіп,
зейнеткерлік демалысқа шыққан ағамыздың осынау игілікті ісіне біз де
сүйсініп, өзге оқырмандар да жалғастырып әкетеді деген сенімдеміз.

