Интернационал отбасылар сынға түсті

Елдегі үлгілі интернационалдық отбасылар арқылы жалпы адамзаттық бірегейлікті қалыптастыру, отбасы институтын нығайтып, беделін көтеру мақсатында «Шаңырақ» байқауы өтті.

Байқау қатысушыларына аудан әкімдігі жанындағы аналар кеңесінің төрайымы Светлана Жәрдемқызы, аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Диас Ағысұлы, «Индер-Мәдениет» КММ директорының орынбасары Қарлығаш Уашқызы қазылық етті. Алдымен шараға жиналғандарды Светлана Жәрдемқызы құттықтап, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Қатысушылар алғашқы «Визит карточкасы» бөлімінде презентация арқылы ұрпақтар сабақтастығын, отбасылық дәстүрлердің, әдет-ғұрыптардың, жәдігерлердің болуын, отбасылық қызығушылықтарын көрсетсе, екінші шығармашылық байқау бөлімінде өз өнерлерін ортаға салды.

Байқау қорытындысы бойынша Махсутовтар отбасы І орын, Алпамысовтар отбасы ІІ орын, Григориевтер отбасы ІІІ орынға ие болды.

- Мен осы Индерде туып-өскенмін. 2011 жылы өзбек азаматына тұрмысқа шықтым. Бүгінде кентте отбасымен тату-тәтті өмір сүрудеміз. Төрт баланың анасымын. Алдағы облыстық байқауға дайындықты бүгіннен бастайтын боламыз, - деді Махсутовтар отбасының отанасы Әлия Жәнібек

Шара Қазақстан халқы Ассамблеясы Атырау облысы ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ қолдауымен «Qazaqstan jastary» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткізілді. Жеңімпаздарға ұйымдастырушылар атынан Светлана Жәрдемқызы диплом мен гүлшоқтарын табыстап, ризашылығын білдірді.

Жадыра НАРИМАНҚЫЗЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521