Индерде жаңа ойын алаңы ашылды

Индербор кентінің Д.Қонаев пен Б. Майдыров көшелерінің қиылысқан тұсындағы көп пәтерлі үйлердің алдынан жаңа ойын алаңы ашылды. 

Ашылу салтанатында Индер ауданы әкімі Серік Нысанбаев құттықтау тілегін арнады.

 

Ал ойын алаңының тұсауын жергілікті тұрғындар Нұрмағамбет Темірғалиев пен Сансызбай Нұрмағанбетов қиды. Тұрғын Сайрахан Тұлымшақова тәттіге толы шашуын шашты. 

Ойын алаңы 7 бөлектен тұрады. Ашылу салтанатынан соң-ақ балалар волейбол, баскетбол, шағын футбол алаңдарына топтасып командалық ойындарын бастап кетті. 

Индербор кенті әкімінің орынбасары Қайыржан Нұриевтың айтуынша, ойын алаңдары балалардың жас ерекшеліктеріне қарай жасақталған. Енді бір алаң баркентин ойын түріндегі ойын кешені. Сонымен қатар денешынықтыруға арналған воркаут кешені орнатылған. Ал басқа ойын алаңдарынан ерекшелігі, ересек адамдардың демалатын алаңы қарастырылған. 

 

—Жалпы 3800 шаршы метрді құрайтын үлкен ойын алаңында 81 ойын элементі бар, —деді кент әкімінің орынбасары. 

 

Ал ойын алаңының құрылысын "BERKUT Holding" ЖШС қысқа мерзімде ойдағыдай орындап шығыпты. 

Тұрғындар бала-шағамыздың таза ауада ойнайтын алаңы керемет болды. Енді баршамыз да ұқыпты ұстасақ деген пікірлерін жолдап жатты. 

С. Сансызбайұлы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

AQPARATPRINT