Ұстаздар күніне арналған «Ұстазым, Сізге мың алғыс» атты салтанатты шара өтті. Шараның шымылдығын Индер балалар өнер мектебінің үлгілі «Әсем әуен» ансамблі «Ұстазым» әнімен ашты.
Аудан әкімінің міндетін атқарушы Әсет Оразғалиев аудан ұстаздарын кәсіби мерекемен құттықтап, аудан әкімінің Алғыс хатын және сала ардагерлеріне облыстық ардагерлер кеңесінің алғыс хатын табыс етті.
Одан соң аудандық мәслихат аппаратының басшысы Гүлшара Мақажанқызы, «Amanat» партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Ақжібек Сабырғалиева шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, үздіксіз еңбек етіп жүрген сала қызметкерлерін алғыс хатпен марапаттады.
Салтанатты шарада аудандық білім бөлімінің басшысы Орынша Ділмұқашева сала ардагерлерін, мұғалімдерді мерекемен құттықтады.
Одан соң бірқатар ұстаздарға Қазақстан Республикасы Оқу - Ағарту Министрінің Құрмет грамотасын, облыстық Білім беру басқармасының Құрмет грамотасын, Білім беру басқармасының Алғыс хатын, аудандық білім бөлімінің Құрмет грамотасы мен Алғыс хатын табыстады.
Мерекелік шарада өнерпаздар әсем ән шырқап, күй күмбірлетті.
Ж.НАРИМАНОВА,
суреттер автордікі