Атырау облысы Полиция департаментінің нұсқауына сәйкес, яғни аудан көлемінде мотокөліктер мен мопед жүргізушілерінің жол жүрісі саласындағы заңнаманы бұзуын болдырмау және алдын алу мақсатында мобильді топтар құрылып рейттік іс-шаралар өткізуде. Рейттік іс-шараның мақсаты жүргізушілердің мотокөлік және мопед жүргізу тәртібін арттыру, мас жүргізушілердің кінәсінен болаты жол-көлік оқиғаларының санын азайту сондай-ақ, Жол жүрісі қағидаларын бұзудың алдын алу, сонымен қатар, автожолдарда жол қауіпсіздігі деңгейін жоғарылату болып табылады.
Аудан көлемінде жыл басынан бері 4 жол-көлік оқиғасы орын алып, салдарынан 5 адам жарақат алған. Оның ішінде 4 жасөспірім.
Осыған орай, Индер аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері күшейтілген бағытты қызмет атқарады.
Б.Қабиев,
Индер АПБ ППТ-ның қызмет аға инспекторыполиция аға лейтенанты