«Индер-Қарабау-Сағыз» бағытындағы тас жол жыл соңына дейін көлік қозғалысы үшін ашу жоспарланды

Облыс әкімі Серік Шәпкенов Қызылқоға ауданы Жамбыл ауылдық округіне жұмыс сапарымен барып, тұрғындармен кездесті.

Жиында аймақ басшысы Жамбыл ауылдық округінде жүріп жатқан жұмыстар туралы баяндама жасады. Бұл ауылда балабақша салу мәселесі өзекті.

- Қаракөл ауылдық мектебінде күрделі жөндеу 2011 жылы жүргізілген. Қазіргі уақытта оқу ошағының сыртқы қасбеті жөндеуді талап етеді. Сондықтан мектептің сыртына ремодернизация жасау жоспарлануда. Мектепте оқитын оқушы саны аз болғанымен, балабақшаға кезек көп. Сол себепті келесі жылы міндетті түрде жаңа балабақша құрылысы басталады. Атап өту керек, «Индер-Қарабау-Сағыз» бағытындағы тас жолының жыл соңына дейін екі қабатын төсеу жұмыстары аяқталып, көлік қозғалысы үшін ашу жоспарланды. Жол құрылысын 2024 жылы толық аяқтау жоспарлануда. Сондай-ақ 2024 жылы Қаракөл ауылында спорт кешені салынады,- деді С.Шәпкенов.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз