Көктем шағын ауданындағы 11 учаскеде жалпы ауданы 7503,08 шаршы метр 160 пәтерді құрайтын жалға берілетін және несиелік 2 тұрғын үйдің құрылысы жүруде.
«Еврострой-А» ЖШС-і және «ОңдасынСтрой» ЖШС-нің мердігерлігімен құрылыс жұмыстары сәуір айында басталды. Жоба бойынша әр тұрғын үй 2 блоктан, 5 қабаттан тұрады. Пәтерлер саны - 80, оның ішінде: 2 бөлмелі - 40, 3 бөлмелі - 40 пәтер.
Айта кетейік, 80 пәтерлік 1 тұрғын үйдің құрылысы «ТұрғынүйҚұрылысЖинақБанкі» АҚ арқылы ипотекалық негізде халыққа ұсынылатын болады. Мұндай тұрғын үй облыста алғаш болып Индер ауданында басталды. Яғни, тұрғын үйді өз қаражаты немесе тұрғын үй құрылыс жинағынан, несие есебінен тікелей сатып алу арқылы жеке меншікке беріледі.
Жалпы Индербор кентінде қазіргі уақытта 7 тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр. Көктем шағын ауданындағы жаңа учаскенің алғашқы үйлері жаз айларында тапсырылады.
Индер ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі