Ерінбегенге табыс бар

Соңғы жылдары өз кәсібін бастаған жастар қатары көбейіп келеді. Олардың қатарында Көктоғай ауылынан Наурызбеков Батыржан Наурызбекұлының бүгінгі жеткен жетістігіне қарап ерекше риза боласың. Ол 2020 жылы «Батыр» кілем жуу цехын ашқан екен. Алғашқыда қолмен жуып бастаған ол Түркия мемлекетінен құны 20 млн теңгеге бағаланатын толықтай автоматтандырылған кілем жуу аппаратын сатып алып, ісін одан әрі өрістетуде.
-Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған өз Жолдауында кәсіпкерлікті қолдау, оның ішінде жас кәсіпкерлерді көтермелеу, ол үшін қажетті 2 пайызды құрайтын жеңілдетілген несие беру мәселесін көтерді. Сөз жоқ, үлкен демеу. Мен секілді жастардың қатары көбейері анық. Мен мемлекет тарапынан 3 млн теңгеге жуық грант алып, қолдау көріп отырмын. Қазіргі таңда цехта 3 адам жұмыс істейді,-дейді жас кәсіпкер.
Цех ауданмен қатар көршілес Махамбет ауданы мен Батыс Қазақстан облысының аумағына кіретін Тайпақ, Атамекен, Томпақ, Алмалы, Шабдаржап  ауылдық округтері тұрғындарының сұраныстарын қанағаттандырып келеді. Цех жетекшісінің айтуынша, кілемнің әр шаршы метрін 500 теңгеге жуатын көрінеді. Болашақта жұмыс ауқымын арттыру да ойда бар екен.

 

С.ЕРСАЙЫНҰЛЫ,
Көктоғай ауылы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521