Ер мен елдің жеңісі

 Ұлы Отан соғысында ерлікпен қаза тапқан жауынгерлердің рухына бас иіп, ардагерлерге құрмет көрсету мақсатында Бөдене ауылдық округінде ардагерлер алқасының төрағасы Ә.Мұсағалиев пен округ әкімі Б.Иса, Бөдене орта мектебі, "Балбөбек " бөбекжай бақшасы, Бөдене-Мәдениет ұжымдары және қаза тапқан жауынгерлердің ұрпақтары  "Мәңгілік алауға" гүл шоқтарын қойып, тағзым етті.

Шара барысында жиналғандар Жеңіс туын желбіретуде қан кешіп, кеудесін оққа тосқан боздақтарды бір сәт үнсіздікпен еске алды.

"Мәңгілік алау" отын Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі, ақын жерлесіміз Халин Тілек ағайымыз жақты. Ұлы Жеңіс күні құтты болсын! Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын! Еліміздің болашағы жарқын, келешегі кемел болғай! 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521