Ең үздік ауланы анықтады

Елтай ауылдық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен, "Ауыл - аймақтарды дамыту" бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында қолға алынған "Ең үздік аула - 2020" онлайн байқауы мәресіне жетті.

"Отбасы күніне" орай қорытындыланған байқауға аталған ауылдан 14 отбасы қатысты. Байқау шартына сай олар гүлге оранып, жасыл желегі жайқалған аулаларының видеосын Facebook әлеуметтік желісіне жүктеген болатын. Сол арқылы көрерменнің ең көп дауысын жинағандар жеңімпаз аталды.

Атап айтқанда, Мұқатовтар мен Шариповтар отбасы үшінші, Нұржауовтар отбасы екінші орынды иеленсе, бірінші орынды Есетовтер отбасы еншіледі. Байқау жеңімпаздарын округтің жаңа әкімі Хасанов Олжас Бейбітұлы құттықтап, жүлделерін табыстады.

«Адам көркі - еңбек» екенін жастарға үлгі етіп, таза ауамен тыныстаудағы тал-теректің маңыздылығын ұғындыру мақсатындағы байқау осылайша елтайлықтардың есінде қалды.

А. Тұрғалиұлы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521