Бөденеде бір той өтті дүркіреп

 Бөдене ауылдық округінде мәдениет үйі алдында "Қош келдің, Наурызым ардақты" атты кең көлемде мерекелік шара өткізіліп,, шара округ әкімі  Жанболат Сағидоллаұлының Ұлыстың ұлы күнімен құттықтауымен ашылды.

Округ бойынша барлық мекемелер, атап айтқанда Бөдене орта мектебі, " Балбөбек" бөбекжай бақшасы, емхана, мәдениет, округ әкімшілігінің қызметкерлері, ауыл кәсіпкерлері арнайы тігілген киіз үйде мерекелік шараға келген халыққа наурыз көже мен қазақтың ұлттық тағамдарын ұсынды.

" Әсем әуен" дәстүрлі әншілер тобы, мәдениет қызметкерлері мен ауылдағы әжелер ансамблі халық әндерін, мерекеге сай тақырыптық әндерін шырқады. "Гүлдерай" бишілер ансамблі "Шашу" биімен шашуларын шашты.

Мектеп кітапханашысы Есмағанбетова Алмагүл аластау рәсімін жасаса, Сәбит Мамаев - Қыдыр ата батасын берді.

Ал Нұрбек Аманов жастар, оқушылар арасында спорттық шаралар ұйымдастырды. Спорттық шараға "АгроСтройИндер" ЖШС бастығы Әсемгүл ханым және ауыл азаматтары- Медет Кәрімұлы мен Сағдат Қайратұлы демеушілік жасады. 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз