Баға өссе, бақылау тобына шағымдана аласыз

Бұдан былай тұрғындар бірінші тұтынатын азық-түлік бағасының өсіміне куә болған жағдайда жауапты мамандарға жазбаша шағым қалдыра алады, - деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Өңірдегі азық-түліктің негізсіз өсімін қадағалауға қалалық кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімі жауапты. Бұл туралы ӨКҚ-де өткен брифингте Атырау қаласының әкімі Қайрат Оразбаев мәлімдеді.

Оның айтуынша, бүгінде халық жиі тұтынатын 9 түрлі азық-түлік өніміне шекті баға қойылған. Тоғыз тауар түріне 1 сортты бидай ұны, бөлке нан, өлшеніп салынған макарон, қарақұмық жармасы, күріш, сиырдың төс еті, тауық жұмыртқасы, күнбағыс майы мен ас тұзы кіреді.

- Қазіргідей жағдайда кәсіпкерлердің жоғарыда атап өткен азық-түліктің 9 түрінің бағасын көтеруге құқығы жоқ. Шекті бағадан асырар болса, жауапты мамандар тексеріс жүргізіп, тиісті шара қабылдайтын болады, - деді Қайрат Оразбаев.

Еске сала кетейік, азық-түлік бағасының өсіміне байланысты тұрғындар 8 701 730 0222 және 8 701 774 4484 Whats'App нөміріне жазбаша шағым қалдыра алады. Сонымен қатар, DOSMART.KZ   осы сайты арқылы да  азық-түліктің бағасының өсімін хабарлай алады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз