БҰРЫНҒЫ МӘСЕЛЕНІҢ БҮГІНГІСІ НЕ БОЛДЫ?

Бөдене ауылында біраз мәселені аудан әкімі С.Өтеғұлов қамтып кеткендіктен тұрғындар тарапынан сұрақ қойып, ұсыныс-пікір айтушылар онша көп болмады. Мұның өзі өңірде біраз жайдың шешімі табылып келе жатқандығын білдірсе керек.
Дегенмен бұрынғы кездесуде айтылған ұсыныс-пікірлердің орындалысы бойынша аудан басшысы баяндады.
Ауылға кірме жолды және А.Далабаев көшесін жарықтандыру үшін жобалық сметалық құжаттамасы дайындалып, мемлекеттік сараптамадан өтіп, облыстық энергетика  және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасына қаржыға сұраныс беріліпті. Ал денешынықтыру және сауықтыру кешенін салу үшін жер телімі анықталып, алдағы мәслихат сессиясының нақтылауында  жобалық сметалық құжатын жасақтауға қаржы сұралса, М.Мөңкеұлы көшесіндегі саябақты қайта жаңғыртып, демалыс орнына айналдыру жобасын жасауға 1 млн. 400 мың теңгеге сұраныс беріліпті.
Басты мәселе ауылдағы фельдшерлік амбулаторияға терапевт дәрігер қарастырылып жатса, қоқыс алаңшасын қоршауға 3 млн. 771 мың теңге бөлінген.  
Тоқ көзін пайдаланып отырған көшелерге тұрақты электрмен қамтамасыз ету және трансформатор орнату бойынша «ПроектБизнесИнвест» ЖШС-нің демеушілігімен жобалық сметалық құжаттамасы жасақталып жатса,  ауылға кіре беріс жол бойына жасанды жол кедергісін салу мәселесі жолды облыстық жолаушылар көлігі және автомобильдер жолдары басқармасының теңгерімінен округке алынғаннан кейін жүзеге аспақшы. А.Далабаев көшесіндегі көше жарығы мәселесі бойынша трансформатор мәселесін шешу мақсатында аудандық бюджет есебінен қаржы бөлу мүмкіндіктері қарастырылуда.
Сонымен қатар  Бөдене ауылындағы  Бейбітшілік, Қ.Әбдіров, М.Мөңкеұлы, Кеңес және Биғазиев көшелеріне ауылішілік автомобиль және жаяу жүргіншілер жолын салу бойынша «ПроектСтройИнженеринг» ЖШС-нің демеушілігімен аталған көшелерге автокөлік жолын салу үшін жобалық сметалық құжаттамасы жасақталып,  жобаға келісім алу үшін облыстық Ішкі істер департаментіне жолданады.
Бұралқы иттерді жою және үй жануарын ұстаушы ауыл азаматтарына түсіндірме жұмыстарын жүргізу бойынша «Жануарларға жауапкершілікпен қарау» жөнінде заң шыққалы мұның басқа амалын қарастыру көзделуде. «ҚазТрансГазАймақ» мекемесі тарапынан газ есептегіш құралына қосылатын қосымша коэффициенттер бойынша ауыл тұрғындарына түсіндірме жұмыстарын жүргізуге келсек «ҚазТрансГазАймақ» АҚ Индер газ шаруашылығы мекемесінің ақпараты бойынша, ҚР Энергетика министрінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы №491 «Газ және газбен жабдықтау саласындағы нормативтік-техникалық құжатты бекіту туралы»  бұйрығына сәйкес, сыртта орнатылған корректорсыз есептегіш құралдарының газының жұмыс көрсеткіштерін стандарттық жағдайға келтіруге қайта есептеу методикасы бекітілген. Осы методика бойынша тұтынушыларға жеткізілетін газ көлемін стандартты жағдайға келтіру үшін түзету коэффиценті қолданылады. Бұл коэффициент сол айдағы сыртқы ауа райының «Қазгидромет» мекемесінің берген орташа температурасы мен барометрлік қысымның көрсеткіштері бойынша есептелетін көрінеді.
Сонымен қатар газ жеткізу үшін келісім-шарт әрбір абонентпен жеке жасалмайды. Тек бұқаралық ақпарат құралдары ("Атырау", "Прикаспийская коммуна" газеттері) арқылы жарияланып, сол уақыттан бастап күшіне енеді. Осы шарттың 2-бөлімінің 9-тармағында егер сыртқы ауа райы температурасы стандарттық жағдайдан өзгеше болған кезде газ жеткізуші мекеме газды стандарттық жағдайға келтіру үшін түзету коэффициентін қолданады деп көрсетілген. Стандартты шарттарына келтіру деп осыны айтады. Қосымша мәлімет, газ есептегішіне ешқандай техникалық күтім жасалмайды. Тек  5 жыл сайын мемлекеттік тексерістен өткізіліп отырады.
Әкімнің осындай жан-жақты мәліметтерінен соң зейнеткер Ж.Буралиева ауылда тәртіпке көбірек көңіл бөлу керектігін, бағаның қымбаттығын, Н.Жаңабаева көп баласы бар інісіне баспана қажет деген орынды ұсынысын айтты.
Жалпы екі округте де тұрғындар тарапынан айтылған сұрақтарға жауап беріліп, ұсыныс-пікірлер хаттамаға түсіп отырды. Кездесуден соң аудан әкімі арнайы жеке қабылдау өткізді.

Ж.Исламғалиев
Бөдене ауылы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521