Индер ауданы әкімінің өкімімен Иманғазиев Бауыржан Ескабилович Индер аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобильдер жолдары және тұрғын үй инспекциясының басшысы болып тағайындалды.
Иманғазиев Бауыржан Есқабылұлы - 1976 жылы 05 қарашада Батыс Қазақстан облысы Тайпақ ауданы Базар-шолан ауылында дүниеге келген. 1993 жылы Базар-шолан ауылындағы Қызылжар орта мектебін бітірген. 2006 жылы Орал қаласындағы Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық колледжін мұнай мен газды қайта өңдеу мамандығы бойынша, ал 2007 жылы Батыс Қазақстан инженерлік технологиялық университетін құрылысшы мамандығы бойынша аяқтаған.
Еңбек жолын 2006 жылы Атырау қаласындағы «Жас-Сервис секьюрити» ЖШС-ң қызметкері болып бастаған.
2008 жылдың 1 желтоқсанынан 2010 жылдың 1 қарашасына дейін Индер аудандық құрылыс бөлімінің бас маманы,
2010-2012 жылдары Индер аудандық құрылыс, сәулет және қалақұрылысы бөлімінің бас маманы, 2012 жылы Индер ауданы әкімінің орынбасары,
2012-2013 жылдары аудандық құрылыс, сәулет және қалақұрылысы бөлімінің бас маманы,
2013-2018 жылдары аудандық құрылыс, сәулет және қалақұрылысы бөлімінің басшысы.
2019 жылдың 03 қаңтарынан бастап Индер аудандық құрылыс бөлімінің басшысы қызметін атқарып келеді.
Отбасылы.