Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында аса өзекті мәселелердің бірі ретінде – азық-түлік нарығындағы шетелге тәуелділікті азайтуды атап өтті. Бұл – ауыл шаруашылығы саласының ғана емес, елдің экономикалық тәуелсіздігі мен ұлттық қауіпсіздігінің негізін айқындайтын стратегиялық міндет.
Бүгінгі күні Қазақстан кейбір негізгі өнімдер бойынша импортқа едәуір тәуелді. Әлемдегі геосаяси тұрақсыздық пен тасымалдау қиындықтары бұл тәуелділіктің қаншалықты қауіпті екенін көрсетті. Бағаның қымбаттауы, инфляцияның өсуі және тапшылық қаупі – соның айқын дәлелі.
Осыған байланысты Президент Үкіметке нақты тапсырмалар жүктеді. Ең алдымен, ауыл шаруашылығын дамыту, фермерлерді жан-жақты қолдау, ауылдық инфрақұрылымды жетілдіру және жаңа агротехнологияларды енгізу қажет. Сондай-ақ ішкі нарыққа өнімді тұрақты жеткізу үшін өңдеу өнеркәсібі мен логистиканы күшейту маңызды.
Азық-түлік қауіпсіздігі – тек экономика мәселесі ғана емес. Ол халықтың тұрмыс сапасы мен денсаулығына, келешек ұрпақтың амандығына тікелей әсер етеді. Сондықтан отандық өндірісті өркендету мен азық-түлік тәуелсіздігін қамтамасыз ету – ел болашағын қорғауға жасалған шешуші қадам деп білеміз.
Ақмарал Досымбетқызы
аудандық санитариялық дәрігер