Ауданның биылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы қандай?

2020 жылғы қаңтар-ақпан айларындағы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының қысқаша қорытындысы туралы Индер аудандық статистика басшысы Ж.Шамұратов айтып берді.

Демография

Аудандағы халық саны 2020 жылдың 1 ақпанына (ағымдағы деректер бойынша) 32179 адамды құрады. 2020 жылғы қаңтарда туғандар саны 68 адамды, тіркелген өлім саны 17 адамды құрады.

Ауданда 2020 жылғы қаңтарда келгендер-75 адам, кеткендер-124 адам.

Еңбек рыногы және еңбекақы төлеу

2019 жылғы IV тоқсанда орташа айлық атаулы жалақы 125074 теңгені құрады, бұл 2018 жылғы сәйкес тоқсанға қарағанда 30,7% артық. Нақты жалақы индексі 123,3% құрады. 2019 жылғы IV тоқсанда ірі және орта кәсіпорындарда 136739 теңгені құрап, 27,5% артты. Нақты жалақы индексі 120,3% құрады.

Ұлттық экономика

2020 жылғы қаңтар-ақпанда негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 1345 млн. теңгені құрады, бұл 2019 жылғы қаңтар-ақпанға қарағанда 253,8% артық.

Экономиканың нақты секторы

2020 жылғы қаңтар-ақпанда өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағаларда 317 млн. теңгені құрады, бұл 2019 жылғы қаңтар-ақпанға қарағанда 12,5% жоғары. 2020 жылғы қаңтар-ақпанда ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімдерінің (көрсетілетін қызметтерінің) жалпы өнімінің көлемі 492,7 млн. теңгені құрап, 2019 жылғы қаңтар-ақпанмен салыстырғанда 3,5% өсті. 2020 жылдың 1 наурызына ауданда барлық шаруашылық санаттары бойынша мүйізді ірі қара саны 20442 бас, қой мен ешкі 102569 бас, жылқы 8445 бас, түйе 3340 бас құрады.

Аудан бойынша 2020 жылғы қаңтарақпанда шаруашылықтың барлық санаттарында (тірілей салмақпен) 645 тонна ет, 531,2 тонна сүт, 30,6 мың дана жұмыртқа өндірілді. 2020 жылдың қаңтар-ақпандағы құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі 65 млн. теңгені құрады. 2020 жылғы қаңтарақпанда пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы алаңы 5012 шаршы метр, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 16,3% төмен.

Тіркелген заңды тұлғалар саны 2020 жылғы 1 наурызға 206 бірлікті құрады.

Осы кезең ішінде жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың саны 178 бірлікті құрады. 2020 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша шағын және орта кәсіпкерлікте (ШОК) жұмыс істеп тұрған субъектілер саны 1700 бірлікті құрап, ШОК субъектілерінің жалпы санында дара кәсіпкерлер үлесі 77,6%, шағын және орта кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар – 5,1%, шаруа немесе фермер қожалықтары – 17,3% құрады.

"Дендер"-Ақпарат

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521