Қарақат Әбденнің ел өңірлеріне сапары жалғасуда

Қарақат Әбден сайлауалды сапары Алматы облысының Талғар қаласында жалғасын тапты. Қала тұрғындары мен өңірдегі шағын және орта бизнесті дамытып жүрген кәсіпкерлер Қарақат Әбденнің сайлауалды бағдарламасымен танысты.
Жиын барысында үміткер шағын және орта кәсіпкерліктің маңыздылығын атап өтіп, ел экономикасының дамуына зор үлес қосатынын жеткізді. Сондай-ақ бизнес пен отбасылық құндылықтарды ұштастыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту мәселелері талқыланды.
Талғар қаласынан бастау алған отбасылық бизнесті дамыту сұрақтары облыстағы Тұздыбастау ауылында өрбіді. Қ.Әбден осы ауылдағы отбасылық кәсіпті дөңгелетіп отырған Сайыпжамал Өтептің әулетіне арнайы ат басын бұрды. «Мен зейнетке шыққалы бері «Ақырыс» атты отбасылық бизнесті қолға алдым. Сүттен кілегей, қатық, құрт, ірімшік, сыр, айран, көже, жент жасаймыз. Елдің болашағы осындай шынайы, қолдан жасалған еңбектен басталады. Өзіміз Қарақат Әбденнің сайлауалды бағдарламасын тыңдап, разы болып жүргенбіз. Елді аралап, біз секілді қарапайым адамдарды қолдап жүргені үшін алғысымызды білдіреміз», - деп атап өтті кәсіпкер.
Бұған қоса, Қарақат Әбден оңтүстік астананың мәдени тыныс-тіршілігімен танысып,  «Astana Musical» театрының халық қаһарманы Роза Бағланованың 100 жылдығына арналған қойылымын тамашалады.

Сайлау

ybory-2023-price

Форум

b

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Сұрақ Жауап

Вакцинаға көзқарасыңыз қалай?

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика