Атырау облысында «Иманғали» орталық мешітінің ұйымдастыруымен әлеуметтік жағдайы төмен 500 отбасыға азық-түлік таратылды.
Қасиетті Рамазан айында мұқтаж жандарға қол ұшын созып, мейірімділік таныту – ең сауапты іс. Осындай игі амалға мұрындық болған мешіт ұжымына атыраулықтар дән риза болып, жүрекжарды алғыстарын жеткізді.
Сурет: Ашық дереккөзден алынды.