Ауыл әкімдерін сайлау бастау алды (ФОТО, ВИДЕО)

 Бүгін Индер ауданындағы Көктоғай мен Жарсуат ауылдарының әкімдерін сайлау бастау алды. 

Еліміздің тарихында ауыл тұрғындарының жергілікті әкімдерін тікелей сайлауы  алғаш рет мүмкін болып отыр.  Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» Жолдауында атап өткен болатын.

Көктоғай ауылдық округінде таңғы  сағат 7.00-де сайлау учаскесі Еліміздің Гимнімен ашылды. Учаскелік сайлау коммисиясының төрағасы Бибігүл Арзаханова сайлаудың бастау алғанын хабарлады. Елімізде таралған індетке байланысты санитарлық сақтық шаралары да мұқият сақталды. Ауыл тұрғындары ішінен алдымен Нұрлыбек Ихуанов дауысын берді.

-Бүгін сайлауға ертемен келіп өз таңдауымды жасадым. Ауыл халқының ең көп дауыс жинаған, әділ сайланған кандидаты әкім болғанын қалаймын,-деді ол. - Ауылда жол салынып қатынас жақсарды. Су, газ сынды қажеттіліктің бәрі бар. Әрине алдағы уақытта жақсара бергенін, жаңара бергенін қалаймын, - деді алғашқы дауыс берген сайлаушылардың бірі Мұрат Кулшиков.

bir-kisi

Бұл 118-ші сайлау учаскесінде 1530 сайлаушы тіркелген. Оның ішінде денсаулығына байланысты учаскеге келе алмайтын 30 адамға сайлау жәшігі апарылатын болады. Сайлаушылардың алғашқы легі дауыстарын беріп бастады, - деді, учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Б.Арзаханова.

С.САНСЫЗБАЙҰЛЫ.

Көктоғай ауылы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521