ЖАЗУШЫ АТЫНДАҒЫ МЕКТЕП ИНТЕРНЕТКЕ зәру

Атырау облыстық мәслихатының депутаты Жанай Амантурлин Есбол ауылдық округіне қарасты  Ынтымақ ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті. Қазақстанның халық жазушысы Әбіш Кекілбаев атындағы орта мектепте өткен кездесуде депутат Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Халқына арнаған Жолдауынан туындайтын міндеттер турасында атқарылатын жұмыстар туралы айтып өтті. Сондай-ақ Amanat партиясының сайлауалды бағдарламасының орындалысы жөнінде сөз етті.


Мектеп мұғалімі Әсел Тауғыстауова ауылда жастарды тұрақтандыру үшін ең алдымен  балабақша, көп балалы отбасыларға арнап  баспана салу мәселесін көтерді. Әріптесі Алмагүл Халенова ауылда интернет жиелілігі өте нашар екенін, ол қиындық мектеп мұғалімдері мен ауылдық фельдшер жұмысына қиындық туғызатынын назарға салды. Сондай-ақ Сейітов көшесіндегі электр жарығының сын көтермейтінін атады. Ауыл тұрғындары Нұртас Қарақұлов, Құмар Қалиев қоқыс полигонын ауыстыру қажеттігін көтерді. Желді күні төгілгенде ұшып келіп ауыл тазалығына кері әсерін тигізіп отырғанын жеткізді.  Сонымен қатар мектепке автокөлік алып берілсе деген тілектері де айтылды.  Бүгінгі таңда мектепте 78 шәкірт білім алса, оларға 30 тарта мұғалім сабақ береді екен. 
Депутат ұсыныс-пікірлер зерделеніп, атқарушы билік назарына ұсынылатынын жеткізді. Халық қалаулысы кездесуден соң бірқатар тұрғындарды өз өтініштері бойынша қабылдады.
Жалпы ауылда 615 тұрғын тұрса, 102 отбасы түтін түтетіп отыр.

С.ЕРСАЙЫНҰЛЫ,
Суретті түсірген автор

#Amanatпартиясы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

AQPARATPRINT