Атырау облысында 7 миллион​ көшет отырғызылады

Облыстағы орман қорлары жеріне көшеттер ​ 2021-2025 жылдар аралығында отырғызылады.

«Бұл туралы Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов өткен жылы атқарылған жұмыстардың есебін беру кезінде айтты» деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

«Ауаның ластануы, жасыл желектердің жұтаңдығы - жиі көтерілетін мәселелер. Көгалдандыру бойынша, қала, аудан аумағынан жалпы көлемі 5 мың гектардан астам учаскелердің тізбесі жасалды. Оларға тал отырғызу жұмыстарына «NСОС», «Теңізшевройл», «Ембімұнайгаз», «Атырау мұнай өңдеу зауыты» және басқа да компанияларды тарту көзделуде» деп атап өтті ​ Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов.

Және ​ биыл​ «Тухлая балка» кәріздік сулардың булану алаңын қалпына келтіру жұмыстары​ басталады. «Квадрат» кәріздік сулардың булану алаңы бойынша жобалық-сметалық құжаттама жасақталды.

Осы ретте, кәсіпорындардың атмосфералық ауаға тастаған ластаушы заттар шығарындыларының 2019 жылмен салыстырғанда 15 мың тоннаға, яғни 9 пайызға азайғанын атап өткеніміз жөн.

Еске сала кетелік, Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов онлайн форматта есеп беруде.

Әкім есебі «Каспиан ньюс», «Атырау» каналдарында тікелей эфирде, ​ atyrau.gov.kz сайты және әкімдіктің әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшаларында көрсетілуде. ​

Соңғы жаңалықтар

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика