Президенттің 2025 жылғы Жолдауында жасанды интеллект пен цифрлық трансформацияға ерекше назар аударылуы – білім беру саласы үшін өте маңызды әрі уақыт талабына сай шешім. Қазіргі таңда оқушыны тек біліммен ғана емес, цифрлық сауаттылықпен, жаңа технологияларды тиімді қолдана алатын тұлға ретінде тәрбиелеу – басты міндет.
Жасанды интеллект құралдарын оқу үдерісіне енгізу мұғалім жұмысының тиімділігін арттырып, оқушылардың білімді терең әрі қызығушылықпен меңгеруіне мүмкіндік береді. Сонымен қатар, цифрлық платформалар арқылы білім сапасын теңестіруге, ауыл мен қала мектептері арасындағы алшақтықты азайтуға жол ашылады.
Жолдауда айтылғандай, мұғалімдердің цифрлық құзыреттілігін арттыру, жаңа технологияларға бейімдеу – болашақ ұрпақтың бәсекеге қабілетті болуына тікелей әсер етеді. Сондықтан бұл бастамалар отандық білім беру жүйесін жаңа деңгейге көтеретін маңызды қадам деп есептеймін.
М.Аманжолқызы
мұғалім


