Президенттің 2025 жылғы Жолдауында инфрақұрылым мен көлік-логистикаға ерекше мән берілуі – біз, ауыл тұрғындары үшін өте маңызды. Себебі сапалы жол, тұрақты көлік қатынасы – ауылдың дамуының негізгі тірегі.
Соңғы жылдары ауыл ішіндегі және ауданға баратын жолдар біртіндеп жөнделіп келеді. Бұл – балалардың мектепке, тұрғындардың жұмысқа, науқастардың ауруханаға дер кезінде жетуіне үлкен мүмкіндік. Егер жол сапасы жақсарса, ауыл шаруашылығы өнімдерін қалаға тасымалдау да жеңілдейді, шаруалардың табысы артады.
Жолдауда логистиканы дамыту, көлік қатынасын күшейту туралы айтылуы ауылдың болашағына деген сенімді нығайтады. Инфрақұрылым дамыса, жастар да ауылда тұрақтап, еңбек етуге ниетті болады деп ойлаймын.
Сондықтан Жолдауда көтерілген бұл бастамалар ауыл өмірін жақсартуға, халықтың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған нақты әрі маңызды қадам деп есептеймін.
А.Сержанов
ауыл тұрғыны


