Тәртіп бар жерде тазалық бар

Махамбет ауылының тазалық жұмыстарын осы жылдың бес айында «Иманалин» ЖК атқарса, қалған жеті айында ЖК «Есенбаева» атқарып келеді. Қазіргі уақытта тазалық мекемелерінде 23 адам жұмыс жасайды. Оның үшеуі – қоқыс полигонында күзетші, үшеуі – көлік жүргізуші, 17-сі – көше тазалықшысы. Бұлардың әрқайсысына бөлінген көше аумақтары бар. Аптасына 6 күн тазалық жұмыстарымен айналысады.

 

Өткел ауылының тазалығын қамтамасыз етуге «Мансап орталығы» арқылы 3 адам жұмысқа алынды.

 

Ауылдық округте 45 қоқыс алаңшасы бар және 310 контейнер орналасқан. Биыл 10 алаңша салынып, пайдалануға берілді . Бұның бір тиімділігі контейнердегі қоқыстарды жануарлар мен құстар шашпайды. Соның өзінде адамдардың қоқыстарын контейнерге жеткізбей төгу фактілері анықталып отыр. Әкімдік арқылы 50 еуропалық стандарттағы контейнерлер берілсе, мекеме арқылы 70-сі сатып алынды. Жұмысшылар таңғы сағат 07.00-ден кешкі 18.30-ға дейін осы контейнерлердің қоқыстарын шығарумен айналысады. Оған 1 қоқыс таситын көлік және тіркемелі трак тор жұмылдырылған.

 

Жұмысшылар қажетті құрал - саймандармен күрек, сыпырғыш, қолғап, жилетпен толықтай қамтылған. Осы айда аудандық әкімдік арқылы 1 жаңа трактор алынып берілді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT