Атырауда қар тазалау жұмыстары күшейтілген режимде жүргізілуде

Түнгі 23:30-дан бастап қала аумағы мен селолық округтерде жолдарға 65 тонна реагент себілді. Бұл жұмыстарға 4 КДМ арнайы техникасы жұмылдырылды.

 

28 желтоқсан күні сағат 09:00-ден бастап жолдарды қардан тазалау жұмыстарына 7 щеткалы трактор мен 4 КДМ техникасы қосылды.

 

Қарды қала аумағынан шығару жұмыстарына 20-ға жуық техника және 110 жол жұмысшысы жұмылдырылды.

 

Қала көшелеріндегі жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатындағы жұмыстар үздіксіз жалғасуда.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT