Кент ішілік жолдар қардан күнделікті тазалануда

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында кент ішілік аумақтарда қар күреу жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Аталған жұмыстарды «АгроСтройИндер» мекемесі күнделікті негізде атқарып келеді.

Мекеме қызметкерлері негізгі көшелерді, әлеуметтік нысандарға апаратын жолдарды, жаяу жүргіншілер өткелдерін және қоғамдық орындарды қардан тазалап, тұрғындардың қауіпсіз әрі жайлы қозғалысын қамтамасыз етуде. Арнайы техникалар жұмылдырылып, тазалау жұмыстары белгіленген жоспарға сәйкес жүзеге асырылуда.

Қар күреу жұмыстарының уақытылы орындалуы кент тұрғындарының күнделікті тұрмыс-тіршілігіне оң әсерін тигізіп, жол-көлік қозғалысының үздіксіз болуына мүмкіндік беруде. Алдағы уақытта да «АгроСтройИндер» мекемесі тазалық пен тәртіпті сақтау бағытындағы жұмыстарды тұрақты түрде жалғастыра бермек.

 

Дендер Ақпарат

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT