МКК ел азаматтарын «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасын пайдалануға шақырды

«E-Salyq Azamat» мобильді қосымшасының мүмкіндіктерін 370 мыңға жуық азамат пайланып үлгерді, деп хабарлады ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде.

Түзету сервисін (жылжымайтын мүлік, автокөлік) – 10 мың адам пайдаланып, оның ішінде 6,4 мың автокөліктің иелері уәкілетті органдағы деректерді дұрыстаған.

Сондай-ақ, артық төлемді басқару сервисінің көмегімен 7 мың азамат смартфон арқылы артық төленген салықтарын басқа салықтарына аударған. Жалпыға бірдей декларациялау аясында активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны 207 мың адам тапсырған.

«E-Salyq Azamat» мобильді қосымшасында жеке тұлғалардың салық міндеттемелерін орындауға арналған әртүрлі қызметтер бар, мысалы:

- салықтарды банк бөлімшелеріне бармай және комиссиясыз төлеу;

- салық берешегін тексеру;

- артық төленген салықтарды есепке жатқызу;

- мүлікке, жерге және көлікке салықты тексеру және есептеу;

- салық обьектілерін қарау (жылжымайтын мүлік және көлік);

- жылжымайтын мүлік және көлік туралы ақпараттарға түзетуді жасау;

- жұмыс берушіңіздің жалақыңыздан табыс салығы мен әлеуметтік төлемдердің қанша ұстап қалғанын тексеру;

- жалпыға бірдей декларациялау аясында активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны (250.00 нысаны) ұсыну;

- мемлекеттік кірістер органдарының қызмет көрсету орталықтарына баруды онлайн брондау.

«e-Salyq Azamat» тегін мобильді қосымшасын «App Store» немесе «Play Market»-тен жүктеуге болады. Авторизациялау тәсілдері туралы ақпарат мобильді қосымшада бар. МКК-нің YouTube арнасында қосымшада жұмыс жасаудың бейненұсқаулықтары орналастырылған. Осындай роликтердің бірін сілтеме бойынша қарауды ұсынамыз: 

Толығырақ ақпаратты ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтынан немесе «1414» нөміріне хабарласып, алуға болады.

dknews.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT