ӨНЕР МЕКТЕБІНІҢ ӨРЕНДЕРІ ҚАНАТ ҚАҚТЫ

Өнер өлкесіне талпынған өрендердің талабын ұштаған мектепті биыл 329 оқушы тәмамдап, оның 51-і озат оқыса, 43 оқушы қияға қанат қақты.

Мектеп бітірушілерге арналған салтанатты шарада өнер мектебінің директоры Ералы Сахипов: - Жеті жыл ішінде мәдениеттілікті бойға сіңірумен қатар өнерге бір табан жақындадыңдар. Бүгін бәріміз үшін жүректі толқытатын және есте қалатын ерекше күн. Жақсы тәрбие, отаншылдық сезіммен қаруланған сендерге ұстаздарың, ата-аналарың үлкен үміт, көп сенім артады, жақсы нәтижелер күтеді. Өмір жолында өнер көгінде биік асуларды бағындыра беруіңізге тілектеспін, – дей келе, мектеп бітіруші түлектерге куәлік табыстады. Сондай-ақ оқу ісінің меңгерушісі Гүлсара Адайбекова жиналған көрермендерді аталмыш мерекемен құттықтап, оқу озаттарына мақтау қағазын табыс етті.

Одан әрі мектеп бітіруші түлектердің өнерлері көрермендер назарына ұсынылды. Сахна төрінде Ә.Мақтым «Жастар», Д.Айтимов «Ерке сылқым», Б.Әкижан «Сол күрең» халық ән-күйі шертіліп, скрипкамен А.Меңдешова Albinoni «Адажио», А.Кенжеғалиева халық әні «Ғайниды» Айзада Сәуелова күйсандықта сүйемелдеуімен орындап, көпшілікті тәнті етті.

halik

Бишілер тобының түлектері «Қазақ» биімен Қ.Рахмет, А.Мақсот, А.Серікова, «Таки-так» заманауи биін Д.Бағытжанова, А.Талғатқызы, өзбек биі «Надардим» А.Бітегенова, М.Мадиярова мың бұрала билеп, мереке шырайын кіргізді. Қанат Саят «Қазақ әндерден попурриын» баян аспабында орындаса, Тюрин Михаил «Фанфары» күйін пианинода, Рахат Табылдиев гитарада «Очи Черные» сазды әуендерін әуелетті.

Г.ИГІЛІКОВА

Соңғы жаңалықтар

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика