Индер орталық мешіті жанынан жаңа нысандар ашылды (ФОТО/ВИДЕО)

Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы Индер орталық мешіті жанынан ашылған жаңа нысандарды пайдалануға беру рәсіміне қатысты.

Бір күнде Индер орталық мешіті жанынан үш жаңа нысан қолданысқа берілді.

img-20210523-wa0040-1024x576

Жаңа нысанның бірі – дәрісхана. Заман талабына сай жасақталған дәрісханада ұстаздар сауат ашу курсында білім алып жүрген шәкірттерге дәріс оқитын болады.

img-20210523-wa0042-1024x576

Сондай ақ, Индер ауданының бас мешіті жанынан асхана ашылды. Құрылысы осыдан екі жыл бұрын басталған асхана нысанының тұрғызылуына тұтас ауылдың үлесі бар.

img-20210523-wa0043-1024x576

Және мешіт жанынан дүкен жұмысын бастады. Мұнда дінге, намазға, шариғатқа қызығушылық танытқандар үшін арнайы заттар сатылады.

img-20210522-wa0014-1024x682

Еске сала кетелік, бұған дейін Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы Индер ауданына қарасты Өрлік ауылында басталған мешіт құрылысының іргетасын қалау рәсіміне арнайы қатысқан болатын.

amin.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

AQPARATPRINT