«Қазақ халқы - Абайдың халқы»

Шетелдіктердің бәрі бірдей Қазақстан дегенде бірден Абайдың есімін атайтындай дәрежеге жетуіміз керек.

Өзге жұрт «Қазақ халқы- Абайдың халқы» деп бізге ілтипат білдіріп отырса, зор мәртебе болары анық» деген Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзін бүгінде ақиқатқа айналдырар алуан оңды істер тындыры-лып жатқанын үлкен ризашылықпен атап өткен абзал. Оны бүгінгі ұлы ақын туған күн-10 тамызда ерекше бөле атамасқа да болмайды.

Өйткені, еліміз ғана емес, бүгінде әлемнің әр түкпіріндегі халықтың тілінде сөйлеп, ескерткішітері ашылып жатқан игі жұмыс сонау ХХ ғасырдың басында-ақ Абайдың екінші өмірінің шымылдығы серпілген тұста Алаш арыстарымен басталған еді. Сол қасиетті істің бір арнасы не бөлшегіне айналғанымызды сезіне білу де әр қазақ баласы үшін мақтаныш. Ақын өмірден өткен соң-ақ өлеңдері, одан соң «Абай жолының» алғашқы кітабы жарық көре бастауымен бірге 1940 жылы қайтқанына 45 жыл толуы қарсаңында Семейде алғашқы мұражайы ашылған. Ол 1947 жылы қазақтың тағы бір ардақты ұлы Қаныш Сәтпаевтың бұйрығымен республика Ғылым Академиясының қарамағына өтіп, ауқымы мен маңызы арта түскенін білуіміз керек.

Ақынның әр мүшелтойының әр кезеңінде атқарылған жұмыстар сабақтасып, ұланасыр іске айналып, бүгінге тағылымын дарытар халықаралық дәрежеге, шүкір, жетіп отыр.

Ал осы игі іске индерліктер де өз үлестерін қаншалықты қосып келеді деген сауал алдан шықса, оған көп алысқа бармай-ақ екі жылға дерлік ұласқан ұлы ақынның 150 жылдығын лайықты атап өткеніміз жауап болмақ. Осы ретте осы мақаланы дайындауға өзімізге жиі хабарласып тұратын Атыраудағы Махамбет атындағы академиялық драма театрының бас суретшісі, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, жерлесіміз Темірбек Мұхтаровтың түрткі болғанын да айтпасқа болмайды. Ол өзінің сонау жастық шағында Ку-лагино ұлттық гимназиясында бейнелеу өнерінің мұғалімі болып жұмыс істеп жүргенінде ұлы Абайдың 150 жылдығына белсене атсалысып, осыған орай жазған «Ғажайып суреткер» атты мақаласын іздестіруі себепкер болған еді. Әрдайым айналасын тануға ұмтылатын, тынымсыз ізденіп жүретін сол бір жас мұғалімнен бүгінгі әріптестері үлгі алса қане.

Сол бір жарқын істердің шынайы куәсіндей болып көрінетін аудандық «Дендер» газетінде ұлы ақынның 150 жылдығы кезіне көптеген ізденіс мақала-естеліктер жарияланып, ол жұмыстар Елтайдағы М. Сиранов атындағы орта мектептегі (Ол кезде В.И.Ленин атында болды) екі күнге созылған ғылыми-іскерлік «Абай-дана, абай-дара қазақта» атты үлкен мәслихатпен қорытындыланған.

Оның өзін де ақынның 175 жылдығына байланысты түрлі шараларды едәуір шектеген бүгінгі карантин, төтенше жағдай кезінде қимастықпен еске алған артық емес.

Иә, күллі қазақ жұртына әлі жұмбақ тұлға болып келе жатқан ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына ізденімпаз әрі ұстаз бен шәкірт биылғы шектеу шара-ларына қарамастан әлі де іргелі істер тын-дырарына шек келтірмейміз. Оған алдағы жаңа оқу жылы соны серпін, тың ойлар қосады деген үміт те жоқ емес. Ал біздікі осыдан 25 жыл бұрын аға буын іске асырған оң шараларды тағы бір еске алып, оң кейбір тұстарын көпшілік көңілге түйіп, қадесіне жаратар де-ген игі ой ғана. Онымыз орындалды ма, оған өзіңіз сарапкер болыңыз, қадірлі оқырман. «Менің Қазақстаным-Абайдың елі» деп кеудені кере мақтан тұту үшін де көп жайды екшеп, біразын қайтадан сын тезіне салуға тура келеді.

Бұл мерейтой тойлау үшін емес, көпшілігімізге ойлау үшін де керек екенін қайталамасақ та болатын сияқты.

С.ХАЛЫҚОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521