Сынаптың қандай зияны бар?

Сынап  нөлдік  температурадан  жоғары  кезде  буланатын  қауіпті  элемент.

Үй   жағдайында   термометрді    сындырып   алған   жағдайда   төгілген  сынап  буланып   адам өмірі үшін  қауіпті  болып   табылады.  Ортасына   сынап    құйылған термометр   нәзік бұйым.   Мұндай   жағдай  тұрмыста   әркіммен  де   ұшырасуы   мүмкін.   Сондықтан,   алдымен   балалар   мен   үй  жануарларды  үйден   шығару керек.   Терезелер   мен есіктерді   барынша   ашып   бөлменің  желденуін қамтамасыз етесіз.  Сынапты  жинастырған  кезде  бөлмеге басқа ешкімнің кірмеуін қадағалаңыз. Сынапты қолмен ұстауға болмайды.  Сынапты  жинау  үшін сізге резеңке  қолғап,   қақпағы жақсы жабылатын металл немесе шыны банка, қағаз,  кішкене жаққыш, қалақ   пен медициналық  алмұрт /груша/ қажет болады.   Сынап төгілген жерді мұқият қарап тексеріп, жиһаз бен басқа да  заттардың шеттерінде  сынап тамшыларының  қалып қоймағандығына   көз жеткізіңіз.  Мүмкін болса  суға  немесе  ас  содасының ерітіндісіне  малынған  маска киген дұрыс. 

Осыны  дұрыс   орындасаңыз   сынаптан   зиян   болмайды.

Термометрді    сындырып   алған   жағдайда    бөлмеде  2-2,5    сағат болғаннан   кейін   адам   сынап   буымен уланады.  Тамағы,   іші  ауырып,   өзін   әлсіз   сезініп құсқысы   келеді.  Кейде  ауызында   металл  дәмін  сезінуі мүмкін.  Сондай-ақ,   сынаптың   кішкене тамшысын  байқамай   жұтып  қоюыңыз да мүмкін.  Мұндай  жағдайда  сынап  әсіресе, жүйке жүйесі, тыныс алу жолдарына және  бүйректерге   зақымын   тигізеді.    Сынаптан   уланған  жағдайда  міндетті   түрде    дәрігердің   көмегіне   жүгінгеніңіз   жөн.

 

А.Бекешева,

Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521