Норовирустық инфекцияның алдын алу

                                      Норовирустық инфекцияның алдын алу

   Норовирустық инфекция – жіті ішек инфекциясы. Қоздырғышы ішек вирустары түрінің бірі – норовирус болып табылады. Вирустар науқас адаммен тікелей қарым-қатынаста болған кезде, нәжіс-ауыз арқылы ауру жұқтырған тамақ не сумен, кейде ауа-тамшы жолымен беріледі. Көбіне норовирустық инфекцияны ішек немесе асқазан тұмауы деп атайды.

   Аурудан айыққан адамдарда әлсіз иммунитет қалыптасады және аз уақытқа созылады. Өте сирек жағдайларда ауру өлімге алып келеді – бұл организмнің ауыр сусыздануынан болады.

   Инкубациялық кезең 10 – 72 сағатты құрайды, көп жағдайларда симптомдар 1 -2 тәуліктен кейін көрінеді. Бұл өзімен өзі кететін ауру, оның негізгі белгілері – жүрек айну, құсу, іш өту, сондай-ақ іштің айналасында ауырсыну, кейбір жағдайларда дәмді сезіну жоғалады. Балаларда әдетте симптоматикада құсу, ересектерде - диарея басым болады. Ұйқышылдық, әлсіздік, бұлшықеттің ауыруы және әлсіз қызбаның болуы байқалуы мүмкін. Қауіп-қатер тобына балалар, қарт адамдар және имундық жүйесі әлсіз пациенттер кіреді.

   Бүгінгі күні норовирусқа қарсы арнайы вакцина әзірленген жоқ. Сондықтан профилактикалық іс-шаралар жалпы сипатта болады және мынадай шараларды қамтиды:

- жеке бас гигиенасын сақтау;

- салауатты және белсенді өмір салтын жүргізу, тек тазартылған немесе қайнаған суды пайдалану;

- жемістер мен көкөністерді тамаққа пайдалану алдында мүмкіндігінше ағынды сумен мұқият жуу;

- тамақтану алдында қолды сабынмен жуу, қолға арналған антисептиктерді (санитайзерлерді) пайдалану;

- науқас адаммен қарым-қатынасты шектеу, сондай-ақ оның заттары мен киімдерін ұстамау.

 

 

Бекешева Алия Аюпқалиқызы

Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT