Атырауда туабітті сал ауруына шалдыққан балаларға күрделі ота жасалды

Атырауда туабітті сал ауруына шалдыққан балаларға күрделі ота жасалды

Енді осындай күрделі оталар Атырауда жасалады, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Атыраулық дәрігерлер күрделі ота жасау үшін Астана қаласындағы №2 балалар ауруханасының ортопедия бөлімі мамандарымен бірлесіп, дайындық жүргізген.

- Израйль елінде жинақтаған тәжірибемізді бөлісу үшін Атырауға келдік. Атыраулық дәрігерлер де осыған дейін шетелдік ортопедиялық жоғары дәрежелі мамандардан білім алған. Жан-жақтан жинақтаған білімімізді қорытып, осы өңірдегі сал ауруына шалдыққан балалардан оң нәтиже көру үшін бірлесе жұмыстандық. Алдымен атыраулық дәрігерлер Астанаға келді. Ол жақтан да теориялық қосымша білім алып, күрделі операцияларға қатысты. Содан соң осы ауруханадағы жаңа техникаларды қолданып, ота жасау үшін осында арнайы келдік. Мұнда қажетті техникалардың барлығы бар. Біз үш күндік жұмыс сапары аясында осы өңірдің дәрігерлерімен бірлесіп, күрделі үш ота жасадық. Әрқайсысы 2-3 сағатқа созылды. Сондай-ақ, мұнда күрделі оталар үшін жаңа заманауи операциялық блок жасақталып жатыр екен. Енді жергілікті дәрігерлер ары қарай осы оталарды өздері жалғастыратын болады,- деді Астана қаллық №2 балалар ауруханасы ортопедия бөлімінің меңгерушісі А.Чикенаев.

Астаналық мамандар енді туабіткен ортепедиялық дерттері, церебральды сал ауруы және дамуының әртүрлі патологиялары бар балаларға қажетті, күрделі операциялар Атырауда жасалады деп толық сеніммен айтты.

Атырау облыстық балалар ауруханасының басшысы Нұрқабыл Айтмұхамбетовтің айтуынша, соңғы бір жылда балаларға жасалатын ортопедиялық операциялардың саны артқан. Мәселен, өткен жылдың бірінші тоқсанында ортопедиялық 5 ота жасалған болса, биыл 41 ота жасалыпты. Енді осы айдың ішінде церебральды сал ауруына шалдыққан екі балаға күрделі ота жасауды жоспарға алған.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521