Сүйектен жасалған сый

«Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ домбыра»,-деп бекер айтылмаған.

Талай жылғы тарихы бар, қос ішекті домбыраның қазақ елінің тарихында алатын орны да ерекше.

Ауданымызда 6000-ға жуық құнды жәдігерлері бар музейде саз аспаптар коллекциясының түрлері көптеп жинақталған. Солардың бірі – ежелде қазақтың тарихын баяндаған, қос ішекті, көп пернелі музыкалық аспап – сүйектелген домбыра. Киелі аспапты белгілі қолөнер шебері Елтай ауылының тұрғыны, марқұм Ізім Бекмағанбетов асқан шеберлікпен ақын Қиса Көпжанұлының тартқан домбырасының моделінде жасап шығарған. Айталық, бұл домбыралар кептірілген қарағайдан, ал ішегі қой, ешкінің ішегінен ширатылып жасалса, құлағы мен мойнына сәндік үшін өрнектелген сүйек пластинкалары жапсырылған. Ұлы Отан соғысының ардагері Ізім Бекмағамбетовтің бұдан басқа жасаған шаңырақ, уық, т.б. тұрмыстық бұйымдары аудандық, облыстық байқаулардан жүлде алып, мұражайларға қойылған.

Өз естелігінде Ізім Бекмағамбетов: «Бұл домбыраны СССР-дің 60 жылдық мерейтойы қарсаңында Қисаның немерелері Аймекен мен Райсаның сұрауы бойынша жасадым»-деп жазыпты. Оны 1982 жылы Индер аудандық музейіне ескерткіш ретінде өзі тапсырыпты.

 

Д.ҚАБИ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT