Жақында Индер оқушылар шығармашылық орталығының шәкірттері «KazRobotics Атырау облысы спорт және білім робототехника федерациясының» ұйымдастырумен республикалық чемпионаттың облыстағы іріктеу кезеңіне қатысып жүлделі оралды.
- «Назарбаев Зияткерлік Мектебі» ДББҰ базасында өткен бұл «KazRobotics-2019» шарасына қатысқан индерліктер өз жобаларын екі бағыт бойынша белсенділікпен корғап шықты. Алдымен «КазРобоспорт-2019» робо-спартакиадасының іріктеу туры болса, екінші бағытта әрбір қатысушының төл туындысы «КазРобопроект-2019» робо-жобалар байқауында сыналды. Қатысушыларға алдымен тестілеуден өтуге және трассамен танысуға арнаулы уақыт берілді. Төрешілер әр бөлімде үміткерлерді қатаң қадағалап, еңбектеріне баға беріп отырды,-дейді Нәсіпқали Зинелғабиденұлы.
Чемпионат қорытындысында 10-12 жас аралығында «Сызық» бойымен жарыста оқушылар шығармашылық орталығының «Робокоп» үйірмесінің оқушылары Алихан Сағат мен Шерхан Қараман жеңімпаз атанып чемпионаттың дипломмен, кіші кубогімен марапатталды. Ал шәкірт Ақылбек Мадияр сертификат иеленді.
С.ХАЛЫҚОВ.