Орталықтың қосымша бөлігі 60 жылға жуықтағанда жөндеуден өтуде

Индер аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің оқушылар шығармашылығы орталығының қосымша ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, биыл жаңа оқу жылында оқушыларын сән-салтанатпен қарсы алмақшы.

Күрделі жөндеу жұмыстары қолға алынған білім ошағы екі бөліктен тұрады. Бірінші бөлігі 2014 жылы толықтай күрделі жөндеуден өтсе, екінші бөлігі сол қалпында қалыпты. Бұрын спорт мектебі болып, кейін осы орталықтың теңгеріміне берілген бұл бөлігінің іргетасы 1962 жылы қаланған. Содан бері бір жөні түзеу жөндеу көрмеген нысанның шатырынан су кетіп, едені ескіріп, терезесі тозған.

1


Оны жөндеуден өткізудің сәті биыл ғана түскен. Білім ұясын қалпына келтіру үшін «Корпорация АҚ ордасы» ЖШС бас мердігер ретінде танылып, қайта жаңғырту жұмыстарын қолға алыпты. Оларға қазынадан 63 млн 859, 912 теңге қаражат бөлініпті.


Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ауыл - ел бесігі» жобасы аясында қолға алынған жөндеу жұмыстарының қызуы қарқынды жүруде. Құрылыс учаскесінің басшысы Ринат Абуов күрделі жөндеу жұмысы сәуір айында басталғанын, енді шілде айында аяқталатынын атап өтті. Оның айтуынша, күрделі жөндеу жұмысына ғимараттың терезе-есігі ауыстырылып, едендері жаңартылып, төбесін черепицамен, сыртқы қабырғалары металлосайдингпен қапталып, толықтай жөндеуден өтеді.


-Құрылыс алаңында қазіргі таңда 14 адам жұмыс жасауда. Олардың оралдық 8-і ішкі жұмыстарды, ал қалған жергілікті жердің 6 тұрғыны төбе ауыстыру жұмыстарын жасап жатыр. Жалпы құрылыс материалдарын жергілікті жердегі кәсіпкерлерден алудамыз. Ал олардың сапасын ұдайы бақылауда ұстап отырмыз,–дейді ол.


Бүгінде білім ордасы заманауи талаптарға сай өз қызметін абыроймен атқарып келеді. Мұнда 8 бағыт бойынша 18 үйірмеде 711 оқушы білім алса, оларға 19 мұғалім дәріс береді. Олар әрдайым түрлі олимпиадалар мен жарыстарда топ жарып, алдыңғы орындардан көрініп жүр.

2


Оқушылардың сапалы білім, саналы тәрбие алып, әлемдік білім кеңістігіне емін-еркін енуі – түптеп келгенде ұстаздар біліктілігіне, заманауи талаптарға сай мектептің материалдық-техникалық базасына байланысты.
Ендеше басталған істің сапалы атқарылғаны керек-ақ

Д.АЙБАР,
суреттер автордікі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521