Дәстүрлі тамыз мәсихаты қарсаңында аудандық білім беру бөлімінің басшысы Ділмұқашева Орынша Матайқызына жолығып, саланың бүгінгі тыныс-тіршілігі хақында ой өрбіткен едік.
- О р ы н ш а М а т а й қ ы з ы , с а н а ул ы күндерден кейін жаңа оқу жылы баста- лады. Баршамыз асыға күткен кезең жақсы жаңалықтармен басталады деп күтілуде. Орын алғалы отырған оң өзгерістерді тарқатып айтып берсеңіз?
- Б и ыл ғ ы о қ у жыл ы ө зг е р і с те р г е толы болып отыр. Оқу жылының басты ерекшеліктерінің бірі – А.Байтұрсыновтың әдістемесі негізінде әзірленген «Әліппе» мен «Букварь» пәндерінің қайтарылуы. Ал 1- қыркүйек күні мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндерге салтанатты түрде «Әліппе» және «Букварь» оқулықтары табыс етіледі.
Мұғалімдердің жүктемесі 18 сағаттан 16 сағатқа азайтылды. Сабақтың ұзақтығы 45 минутқа қайтарылды. Білім алушылардың оқу жүктемесі төмендетілді. «Жаһандық құзыреттіліктер» таңдау курсын енгізу оқушылардың бойында қазіргі қоғамның талаптарына сай білім мен дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Биылғы оқу жылында білім беру ұйымдары Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын, ағартушы-ұстаз Ы.Алтынсариннің 180 жылдығын атап өтеді.
Саланың ең басты міндеттердің бірі – оқушылардың білім алуы мен дамып-өсуіне қолайлы және қауіпсіз жағдай жасау.
Аудан бойынша 22 мектепке дейінгі ұйым бар. Оның 11-і балабақша, ондағы бала саны-1233, 11 жалпы білім беретін мектептердегі 25 шағын орталықта 3-4 жастағы 351 бүлдіршін және 30 мекте- палды даярлық тобында 576 бала білім мен тәрбие алуда. Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеуде 3-6 жастағы балаларды камту саны – 1848 баламен 100 %, 1-6 жастағы балаларды қамту саны-2160 баламен 73,3% құрап отыр. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының қажеттілігі жылдан-жылға артуда. Осыған орай Аққала ауылынан салынуға жоспарланған 90 орындық балабақшаның жобалық- сметалық құжаттамасы жасақталып, мемлекеттік са- раптамадан ағымдағы жылдың 3 шілдесінде шықса, Көктоғай ауылынан салынуға жоспарланған 90 орындық балабақшаның д а ж о б а л ы қ - с м е т а л ы қ қ ұ ж а т т а м а с ы жасақталып, мемлекеттік сараптамадан өткізу жоспарланып отыр.
Бүгінде бөбекжай-бақшада 193 педагог жұмыс жасайды: оның ішінде жоғары білімді педагог – 131 (67,8%), арнаулы орта білімді – 62 (32,2%). Шағын орталықта 25 педагог: оның ішінде жоғары білімді педагог – 16 (64%), арнаулы орта білімді – 9 (36%). МАД сыныптарында 29 педагог: оның жоғары білімді педагогы– 25 (86,2%), арнаулы орта білімді – 4 (13,8%).
Педагогтардың біліктілігі бойынша бөбекжай-бақшада жоғары санатты-12, І санатты-32, ІІ санатты-73, санаты жоқ-76 педагог бар. Шағын орталықта І санатты-2, ІІ санатты- 8, санаты жоқ-13 педагог, 2-пе- дагог модератор бар. Мектепалды дайындық сыныптарында жоғары санатты-1 педагог, 1 педагог сарапшы, І санатты- 5 педагог, ІІ са- натты- 15, санаты жоқ- 7 педагог бар.
-Өзіңіз жетекшілік етіп отырған саланың оқыту мен тәрбиелеудегі басым бағыттары қандай?
-Ауданда 15 жалпы орта білім беретін мек- теп қызметін жүзеге асырады. Мектептердің 12-сі қазақ тілінде, 3-уі аралас тілдерде білім береді. Өткен оқу жылының қорытындысы бой- ынша аудан мектептерін 6167 оқушы аяқтады. Өткен оқу жылымен салыстырғанда оқушы саны 151 балаға өскен. Оқу жылының қорытындысымен озаттардың саны-1080 (ө.о.ж.-1190), оқу екпінділер саны-2140 (ө.о.ж.-2225) болып, білім сапасы- 58,2% пайызды құрады. Білім сапасы 2019-2020 оқу жылымен салыстырғанда +1,7 пайыз. Ағымдағы жылы «Алтын белгі» белгісіне 22 оқушы (2019-2020 о.ж.-15), Үздік аттестатқа 10 оқушы (2019-2020 о.ж.-4), ал негізгі орта мектепті 502 оқушы аяқтап, 52-сі «Үздік ат- тестат» иегері атанды.
Тарқата айтсақ, білім сапасы бойынша «Көктем» қазақ орта мектебі (61%), Жамбыл (62,2%), Есбол (68,4%), Махамбет (60,2%), Б.Нысанбаев (58,4%) атындағы орта мек- тептер аудан көрсеткішінен жоғары сапа көрсетіп отыр. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңын толық іске асыру мақсатында мүмкіндігі шектеулі балаларға психологиялық-медициналық педагогикалық көмек көрсету жұмыстарының шеңберінде денсаулығында ақаулығы бар 18 бала 3 мектептегі (М.Әуезов, Махамбет, Б.Нысанбаев о/м) арнаулы сыныптарда және 17 бала үйден оқытылды. Инклюзивті білім алып отырған даму мүмкіндігі шектеулі-65 оқушы, мүмкіндігі шектеулі мүгедек оқушы саны-76. Аудан бойынша ерекше білімді қажет ететін оқушылар саны-176 құрайды.
2020-2021 оқу жылында ауданның 15 мектебінен 11-сыныпты 324 оқушы аяқтады. Оның 299-ы қазақ, 25-і орыс сыныбының оқушылары. 324 түлектің ҰБТ тапсыруға 272-сі өтініш білдіріп, қамтылу-83,9%. Орта балл-63,3 болып, өткен оқу жылымен салыстырғанда 7,7-ге өсім бар. Шекті деңгейге жетпегендер-68, 19 оқушы 100-ден жоғары балл жинады, 50- 100 аралығында жинағандар саны -126. Ең жоғарғы балл-124 болса, ең төменгі балл- 15. 62-сі шығармашылық бағытты таңдады. ҰБТ-ге қатысқан түлектердің 72-сі мемлекеттік грантты иемденсе, 12-сі педагог мамандығын таңдаған. Оның 4-еуі «Алтын белгі» белгісінің, 3-уі «Үздік аттестаттың» иегерлері.
-Білімді ұрпақ өсіру жұмысымен ай- налысып жүрген мұғалімдердің кәсіби біліктілігін көтеру, ұдайы жетілдіріп отыру бағытында нендей қарекеттер жасалуда. Өйткені білімді шәкірт білікті ұстаздан дәріс алуы тиіс қой?
-Дұрыс айтасыз. Аудандағы білім беру ұйымдарында 910 педагог жұмыс істейді. Олардың 821-і жоғары, 89-сі арнаулы орта білімді мамандар. Педагог кадрлердің атте- статтау қорытындысы бойынша 22 жоғары санатты, 67 бірінші санатты, 111 екінші санатты мұғалімдер болса, санатсыз 201 мұғалім бар. Аттестаттаудың жаңа үлгісі бойынша 3 мұғалім «педагог-шебер», 170 мұғалім «педагог-зерттеуші», 209 мұғалім «педагог-сарапшы», 127 мұғалім «педа- гог-модератор» біліктілік санатындағы мұғалімдер. Өткен оқу жылы қорытындысымен ауданға 25 маман қажеттілігі анықталды.
Әсіресе, орыс тілі пәні мен музыка пәні мұғалімдеріне сұраныс жоғары. Тапшы мамандарға Орал, Атырау қаласындағы педагог мамандар да- ярлайтын университеттерге және коллед- ждерге бөлімнің сұраныс хаты жолданып, түлектер жәрмеңкесіне онлайн форматта қатынастық. Нәтижесінде, биылғы оқу жы- лында 18 маман келіп, алғашқы еңбек жо- лын біздің ауданымыздың мектептерінен бастағалы отыр.
А т ы р а у о б л ы с ы б о й ы н ш а б і л і м беруді дамытудың 2021-2023 жылдарға арналған Жол картасы аясында жараты- лыстану пәндері бойынша функционалдық сауаттылықты дамыту, пәндік құзыреттілікті дамыту, педагогтердің АҚТ құзыреттілігін арттыру курсытарынан аудан педагогтары өткізілді. Мектеп басшыларының 9 айлық курсынан 2 мектеп директоры, мектеп басшыларының резервін қалыптастыру ку- рынан 3 педагог өтіп, білімдерін жетілдірді.
Жаңартылған бағдарламаның талабына сәйкес, соңғы 3 жылда оқушы білімін бағалау электронды журнал арқылы жүзеге асырылып келеді. Бұл ретте интернет жылдамдығын арттыру маңызды. Осыған орай аудан мектептерінің барлығы да кең жолақты интернетпен қамтылған. 3 мек- теп (Б.Нысанбаев, Жамбыл, Қ.Абаханов) -8 мбит/с, 2 мектеп (М.Сиранов, Қ.Есқалиев) -10 мбит/с, 10 мектеп (М.Әуезов, С.Сейфуллин, Ш.Уәлиханов, Көктем, Ә.Кекілбайұлы, Аққала, Махамбет, Бөдене, М.Мөңкеұлы, Есбол) 10 мбит/с пен 50 мбит/с аралығында. 11 мектеп оптикалық талшықты интернет- пен қамтылған. М.Әуезов, Есбол, Жамбыл, Қ.Есқалиев атындағы орта мектептерге оптикалық-талшықты инфрақұрылымын жүргізу облыстық ЖКҚ басқармасы арқылы жүзеге асырылатын болады.
K u n d e l i k . k z э л е к т р о н д ы ж ү й е с і н қолдануда облыс бойынша ауданымыз үздік аудандардың қатарынан табылды. Цифрлық технологияларды пайдалану арқылы білім беру процесін жетілдіру мақсатымен ұйымдастырылған облыстық рейтингте жыл бойы тұрақты түрде көш бастаған 9 мектеп «ҮЗДІК МЕКТЕП» атанды, ауданымыздың мектептерінен "Көктем" қазақ орта мектебі аталған қатардан табыла білді. ІV тоқсан қорытындысында ауданымыздың 9 мектебі ("Көктем" қазақ о/м, М.Сиранов ат. о/м, Жамбыл ат. о/м, Ә.Кекілбайұлы ат. о/м, Ш.Уәлиханов ат. о/м, Б.Нысанбаев ат. о/м, Қ.Абаханов ат. о/м, М.Әуезов ат. о/м, С.Сейфуллин ат. о/м) облыстың үздік 44 мектебінің қатарынан табылды. ІV тоқсан қорытындысы бойынша Kundelik.kz элек- тронды жүйесін қолдануда үздік мектебі көп аудан болып танылып отырмыз. Жыл қорытындысы бойынша аудан бой- ынша бір топ әріптестеріміз марапатталды.
Атап айтсақ: «Kundelik.kz» ЖШС-нің Алғыс хатымен АББ әдіскері К.Н.Гильманов мара- патталса, Әдістемелік орталықтың алғыс ха- тымен Н.Т.Айдарханова ("Көктем қазақ орта мектебінің лоборанты), Ж.Қ.Досанова (Жам- был ат. о/м-тің информатика кабинетінің зертханашысы), М.С.Әлиева (Қ.Абаханов ат. о/м-тің ІТ маманы), А.Халенова (Ә.Кекілбайұлы ат. о/м-тің информатика пәні мұғалімі), М.Сансызбаева (Ш.Уәлиханов ат. о/м ІТ маманы) марапатталды. Бөлімге қарасты білім беру ұйымдарын цифрлық білім беру ресурстарымен қамту мақсатында 2021 жылдың соңына дейін «BilimLand» ЖШС-мен келісімшарт жасалды. «BilimLand» сайты арқылы ұстаздарымызбен оқушыларымыз www.bilimland.kz, www. itest.kz, www.twig-bilim.kz, www.imektep.kz, www.onlinemektep.org онлайн білім беру пакеттерін тегін қолдануда. Платформаны қолдану белсенділігі бойынша IV тоқсан қорытындысымен І орын болғанмен, жылдық қорытындыда Мақат ауданынан кейін ІІ орыннан көріндік.
-Дарынды оқушылармен жұмысты ұйымдастыру бағытындағы еңбектеріңізде жеміссіз болмас. Оның ішінде қосымша білім беру ұйымдарының да табысы айтарлықтай ғой. Нәтижелі табысқа қалай қол жеткізіп отырсыздар?
- « М ұ ғ а л і м н і ң б ү к і л м а қ т а н ы ш ы - шәкірттерінде, өзі шашқан дәнінің өсіп- өнуінде» деп Д.Менделеев айтқандай, ауданымыздың дарынды оқушылары оқу жылы ішінде бірнеше рет республикалық, облыстық конкурстарда жүлделі орындарға ие болып, өздерінің білімдерін көрсетті. 8-11 сынып оқушылары арасында өткен облыстық ғылыми жобалар сайысына қатынасқан 15 оқушының 8-і жүлделі орын иеленді. Облыстық 2-7 сыныптардың «Зерде» сай- ысына қатынасқан 8 оқушының 5-і жүлдегер атанса, 2-і грамотамен марапатталды. Ел Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы №499 Қаулысымен бекітілген «Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары»˚негізінде оқушылар шығармашылық орталығында 2020-2021 оқу жылында 718 оқушы білім алды. Орталықта 18 педагог еңбек етуде. Педагогикалық ұжым өз жұмысын оқу- тәрбие үдерісінің деңгейін көтеру бойынша жалғастыруда. 2020-2021 оқу жылының ІІ жарты жылдығының қорытындысы бойынша үйірме оқушыларының сабаққа қатысуы 97,4%, құрап отыр.
-Кітап қоры, оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету мәселесі қалай шешілуде?
-Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 10 маусымдағы №286 бұйрығын басшылыққа ала отырып, орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтардың, мектепке дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендердің, оның ішінде электрондық нысандағы тізбесіне сәйкес 12 баспамен келісімшарт жасақталып, оқулықтар жеткізілді. Күні бүгін мектеп қорындағы оқулықтар оқушыларға таратылып берілуде.
-Білім беру ұйымдарының материалдық- техникалық базасы және жаңа оқу жылына дайындық барысы туралы да айта кетсеңіз?
-Білім беру ұйымдарының материалдық- техникалық базасын жаңарту мақсатында 8 мектепке (Б.Нысанбаев, Махамбет, Ш.Уәлиханов, Ә.Кекілбайұлы, М.Сиранов, М.Әуезов, Бөдене, Аққала) алғашқы әскери дайындық кабинетін алуға 36 млн. теңге қаржы бөлініп, мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде. Атырау облысы бойынша «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасына сәйкес, аудан бойынша 4 мектепті (М.Әуезов, Махамбет, Бөдене, М.Сиранов) жаңарту жобасы бойынша жәй жөндеу, кітапхана, асхана, жаңа жабдықтар сатып алу, инклюзивті сыныптар ашуға жергілікті бюджеттен 98 900,0 теңге қаржы бөлініп, М.Сиранов пен Махамбет атындағы орта мектептердің жай жөндеу жұмыстары толық аяқталды. М.Әуезов пен Бөдене орта мектептерінің жай жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Ағымдағы жылы мектептердің жай жөндеу жұмыстарына жергілікті бюджеттен 7300,0 мың теңге қаражат бөлініп, қаржы мақсатты игерілді. Күні бүгін мектеп, қосымша білім беру ұйымдары мен балабақшаларда жөндеу жұмыстары толық аяқталып, жаңа оқу жы- лына дайындық актілері алынды. Б а р л ы қ б і л і м б е р у ұ й ы м д а р ы н д а дизенфекциялық құралдардың қорлары бар, дегенмен жаңа оқу жылына санитарлық, за- лалсыздандыру заттармен (санитайзерлер, тепловизорлар, аяқ киім үшін кілемшелер, лас маскаларға арналған сыйымдылықтар, кварц шамдары т.б.) толықтыру үшін облыстық білім беру басқармасына 7000,0 мың теңге қаржыға сұраныс берілді.
Аудандағы білім беру ұйымдарының 9 мек- теп (М.Әуезов, Ш.Уәлиханов, С.Сейфуллин, Қ.Есқалиев, Б.Нысанбаев, М.Сиранов, Қ.Абаханов, Жамбыл, Аққала о/м.), 1 қосымша білім беру (Өнер мектебі) және «Ботақан» балабақшасының күзгі-қысқы кезеңінің дайындығына 31 809,3 мың теңге қаржы нақтылау арқылы бөлініп, мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде.
- Ж а л п ы ғ а м і н д е т т і о қ у қ о р ы н а н әлеуметтік осал топтарға қандай көмектер берілді?
-Атырау облысы білім беру басқармасының Индер ауданы білім бөліміне қарасты 15 мектеп бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы №64 қаулысына сәйкес 2021-2022 жаңа оқу жы- лында әлеуметтік осал топ санатындағы (5 санат бойынша) отбасыдан шыққан 996 оқушыға киім-кешек, кеңсе тауарларын алып беру жоспарлануда. Аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және хал актілерін тіркеу бөлімінің ағымдағы жылдың 26 шілде күнгі мәліметіне сәйкес, 6-18 жас аралығындағы мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан 258 оқушы анықталып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің №1032 қаулысына сәйкес, 258 оқушыға 35 мың теңге көлемінде кепілдік берілген әлеуметтік топтама (мектеп фор- масы не спорттық форма және мектеп- жазу керек-жарақтарының жиынтығы) беріледі.
Мемлекеттік атаулы көмек ал- майтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы- нан төмен отбасылардан шыққан 71оқушы, жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын 8 оқушы, білім беру ұйымының алқалы басқару ор- ганы айқындайтын білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттарынан 659 оқушыға 20 мың теңге көлемінде (мек- теп формасы немесе спорттық форма, мек- теп-жазу керек-жарақтарының жиынтығы) көмек беріледі. Әлеуметтік осал топ санатындағы оқушыларға жалпыға міндетті оқу қорынан көмек көрсету жылдың аяғына дейін жалғасын табады.
-Сұхбатыңызға рахмет. Жаңа оқу жылының жақсы жаңалығы мол болуына тілекшіміз!
Сұхбаттасқан: Сұңқар ЕРСАЙЫНҰЛЫ