Индер аудандық колледжі студенттері де онлайн оқуға көшті

Мектеп оқушылары биыл көктемгі демалысқа ерте шықты. Он алтыншы наурызда басталған демалыс 5 сәуірге дейін жалғасады.

Аудандық білім, денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Орынша Ділмұқашеваның айтуынша, ауданда білім алатын мектептердегі 6018 оқушы демалысқа шықса, оларға дәріс беретін мұғалімдер де қосымша демалысқа жіберілді.

Десек те мектептерде арнайы кезекшілік кестесі ұйымдастырылыпты. Аудандағы 11 балабақшада 1304 бүлдіршін бар болса, бұл күнде ата-аналардың өз еріктерімен 460 бүлдіршін балабақшаға келіп жүр.

Ал Индер көп бейінді ауыл шаруашылығы колледжінде 4 мамандық бойынша дәріс алатын 207 студент сабақты онлайн жүйесі арқылы оқуға көшкен. Жағдай қатаң бақылауға алынып, ондағы алғашқы медициналық көмек көрсету бөлмелері барлық қажеттіліктермен қамтылып отырғанын айтады оқу орнының басшысы Бағытжан Құнас.

С.КӨШЕКОВ

Соңғы жаңалықтар

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика