БҮГІН ҰБТ БАСТАЛДЫ

Бүгін Индер ауданы бойынша мектеп қабырғасынан түлеп ұшқан 291 түлектің 193-і ҰБТ тапсырып жатыр.

Таңертеңгісімен Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебінің ауласына жиналып, сынға түсер әр түлек өз аудиториясының қатарына қосылды. Алдымен ұлттық сынақта мемлекеттік комиссия төрағасы Гүлмира Алшынбаева мен аудан әкімінің орынбасары Дарын Шамұратов бүгінгі күн түлектер үшін ерекше мереке екенін сөз етіп, сынақ тапсырушыларға сәттілік тіледі. Одан соң, Министрліктен келген өкілдер әр оқушыны тиесілі аудиториясына кіргізбес бұрын металл іздегіш құрылғылардан өткізіп жатты.

Сөйтіп, оларды өз орындарына жайғастыру сағат 8:30-дан басталды. Оқушылардың тест тапсырмаларын орындауға үш жарым сағат бөлінеді. Сондай-ақ балаларының тағдырына алаңдаған ата-аналар тікелей эфир арқылы қадағалап, үміттерін үкілеп қосқан перзенттеріне сәттілік тілеп тұрды.

Айта кетейік, оқушылардың жинаған қорытынды ұпайы белгілі болған сәтте «Дендер» газетінің www.den-der.kz сайтына жарияланатын болады.

«Дендер»-Ақпарат.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT