Білім және ғылым министрлігі 25 жоғары оқу орнынан 60 лицензияны қайтарып алды

Білім және ғылым министрлігі 25 жоғары оқу орнының 60 лицензиясын қайтарып алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті 25 жоғары оқу орнының кадрларды дайындау бағыттары бойынша лицензияларға 60 қосымшасын қайтарып алды. Олардың басым бөлігі Комитеттің тексерісінен кейін қайтарылды.

Негізінен бұл ЖОО-лар "Педагогикалық ғылымдар", "Өнер", "Гуманитарлық ғылымдар", "Жаратылыстану ғылымдары", "Техника ғылымдары", "Қызмет көрсету" және "Әлеуметтік жұмыс", "Әлеуметтік ғылымдар" бағыттары бойынша кадрлар даярлауды жүзеге асырды", - делінген хабарламада. Жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша ЖОО-лардың нормативтік құқықтық актілерді сақтамағаны анықталды. Олқылықтарға негізінен талапкерлерді қабылдау, профессор-оқытушылар құрамының (ПОҚ) біліктілігін арттыру, профессор-оқытушылар құрамын конкурс арқылы алмастыру, профессор-оқытушылар құрамының оқу жүктемесін жоспарлау, білім алушыларды қорытынды аттестаттау, диплом бланкілерін есепке алу және т.б. бойынша жол берілгені айтылады.

Соңғы жаңалықтар

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика