Білім грантының саны артып, шәкіртақы көбеймек

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың мәліметіне сүйенсек, 2025 жылға қарай білім гранттарының саны 50 пайызға артып, студенттердің шәкіртақысы 2 есе, магистранттар мен докторанттардың шәкіртақысы 1,5 есеге көбейеді. – 2025 жылға қарай жоғары білім алу үшін бөлінетін гранттың саны 50 пайызға артады.

Бұл 75 мың жас азаматымыз жоғары білімді тегін алады деген сөз. Және студенттер шәкіртақысы – 2 есе, магистранттар мен докторанттардың шәкіртақысы – 1,5 есе көбейеді.

2025 жылға қарай колледждер мен университеттердің жатақханасындағы орын саны кем дегенде 50 мыңға артады, – деді президент Nur Otan партиясының кезектен тыс XX съезінде.

batys.info

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521