Жоғалған азамат өзеннен табылды

Бұдан бұрын белгілі болғандай күзге таман кешқұрым балық аулауға кетіп, үйіне қайта оралмаған елтайлық 1971 жылы туған З.К. есімді азаматты жұрт өзеннен  біраз іздеген еді. Онымен табылмады.  

Міне бүгін, яғни 7 қаңтарда қой бағып жүрген қойшы өзенде көліктің қаңқасы шығып жатқанын байқапты. Жедел тиісті орындарға хабар жетіп, мұзды ойып, кранмен Lada маркалы автокөлікті шығарған.
Аудан әкімінің орынбасары Ә.Оразғалиевтің мәліметі бойынша  автокөліктің ішінен азаматтың да денесі шығыпты.
Айта кету керек осы ауылда осымен екінші азаматтың денесі  өзеннен осындай жағдайда табылып отыр.

Индер ауданы 

Елтай ауылы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT