Жанайқай: Қатқылда мал қаталап тұр (ВИДЕО)

Ауа райының қолайсыздығынан бүгінде шаруа қожалықтары қиындыққа тап болып отыр. Кешегі түскен қар еріп кетіп, даладағы мал су іздеп қаталауда. Әсіресе, қатқылдағы жылқы босып жүр.

«Алға-1» шаруа қожалығының төрағасы Ағеділ Шалқаров:

-Су тапшылығынан малымыз тентіреді. Енді қара қатқаққа ұрынды. Өткендегі қарда жылқы құмға кеткен еді, қазір бәрі жиекке түсті. Ауыл тұрғындары канал бойындағы «Төсқұдық» котлаванын ойып суаруда. Оған Есбол, Өрлік, Көктоғай малы жиналады, - десе, «Жарсуат» өндірістік кооперативінің төрағасы Дауылғали Тәженов те осындай қиындықтың барын айтады.

Жалпы канал бойындағы су тайыз болғандықтан қатты аяздарда метрге дейін Жайық өзені қатқанда каналдардың жайы айтпаса да белгілі. Тіпті «Тереңқұдық» котлаванында да бірнеше жылқы балшыққа батып өлген.

img-20210208-wa0033

Ал аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің басшысы Сәулет Есетовтің айтуынша каналдарға Жайық өзенінен су айдау мәселесі бойынша тиісті шаралар алына бастапты.

-Қыстың қарсыз өтуі екінші жыл қиындыққа душар қылып тұр. Биыл тіптен қиын. Су айдайтын насос маңы бәрі қатып жатыр. Қазір мәселенің шешілу жолдарын ойластырып жатырмыз. Жайылымдық жерге су айдауға төленетін қаржы «ҚазСуШар» РМК Атырау филиалына аударылады. Қазір олар барлық дайындық жұмыстарын жүргізуде. Сөйтіп қыста су айдауға тура келеді. Қайткенде де малды сусыз қалдырмаудың бар амалын жасаудамыз, - дейді.

Ж.Ісім

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT