Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол жоқ

«Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» заңда жазылғандай, «тұрмыстағы зорлық-зомбылық дегеніміз – отбасылық-тұрмыстық қатынастар аясында бір адамның басқаға (басқаларға) қатысты дене зардабын және (немесе) психикалық зардап келтіретін немесе келтіру қаупі бар құқыққа қарсы қасақана әрекеті (іс-әрекеті немесе әрекетсіздігі)».

Қазақстан заңнамасында тұрмыстағы зорлық-зомбылықтың төрт түрі бар: күш қолдану, психологиялық, сексуалдық және экономикалық.

Жаңа заңдылықтар бойынша әйелдер мен балалардың денсаулығына бірнеше рет ұрып-соғу және зиян келтіру кезінде татуласу қарастырылмаған.

Тұрмыстық зорлық-зомбылықты азайту үшін қазір бүкіл әлеуметтік-мәдени экожүйе құрылуда: балалар мен әйелдер үшін қауіпсіз орта құру және оларға қатысты қылмыстардың алдын алу, кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстар үшін жазаны қатаңдату, құқық бұзушылықтардың алдын алуды күшейту, сондай-ақ балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу. Ауыр қылмыстарға қатысты жазаларды қатаңдату және татуласудан бас тарту зорлық-зомбылық пен қауіпті әрекеттерді жасаған адамдар үшін қатаң жазалау режимін жасайды, бұл қоғамдағы әділеттілік пен заңдылықты қамтамасыз ету үшін маңызды.

Зорлық-зомбылық үшін, оның ішінде отбасылық-тұрмыстық салада жауапкершілік арттырылды. Қоғамдық пікірді ескере отырып, денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру және ұрып-соғу қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Қасақана ауырлығы орташа және денсаулығына ауыр зиян келтіргені үшін жауапкершілік күшейтілді. Бұрын адамды азаптау үшін жауапкершілікке тарту үшін ұрып-соғу мен басқа да зорлық-зомбылық әрекеттерінің жүйелілігін дәлелдеу қажет болатын. Енді жәбірленушіні азаптау мақсатында ерекше қатыгездікпен, қорқытумен жасалған зорлық-зомбылық әрекеттері үшін жауапкершілікті анықтайтын нормалар енгізілуде.

Тұрмыстық-отбасылық зорлық-зомбылыққа ұшырағандарды қорғау үшін ішкі істер органдарының тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жеке профилактикасы шараларын қолдану құқығы бар. Жеке профилактикасы шараларға тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасының субъектісі жәбірлеуші адаммен профилактикалық әңгімелесуді жүргізу жатады. Әңгімелесудің негізгі қызметі тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаудың себептері мен жағдайларын анықтау, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың әлеуметтік және құқықтық салдарын түсіндіру және заңға мойынсынушылықтың қажеттігіне сендіру.

Ішкі істер органы жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің учаскелік полиция инспектор немесе кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспектор он алты жасқа толған, есі дұрыс адамға қатысты қорғау нұсқамасын шығарады. Нұсқама жәбірленушіге тұрмыстық зорлық-зомбылықтан, оны іздестіруден, оның ізіне түсуден, оған ауызша, телефон арқылы сөйлесуден және өзге де тәсілдермен байланыс жасалудан қорғаныс береді. Өзіне қатысты қорғау нұсқамасы шығарылған адамды ішкі істер органдары профилактикалық есепке қояды және оған профилактикалық бақылау жасайды. Қорғау нұсқамасының қолданылу мерзімі отыз тәулікті құрайды.

Алтынай Измуханова,

Индер ауданы ПБ-нің Жергілікті полиция қызмет бөлімшесінің Отбасылық тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес тобының аға инспекторы полиция капитаны 

 

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT