ТАЛАНТТЫ ТАНЫП, ШЫРАҒЫН ЖАҒЫП ЖҮР

Мамандық атаулының оңайы болмайтыны анық. Деген мен жаның қалап, жүрегің таңдаған қызметтің орны бөлек. Осы ретте, білектің күшіне емес, білімге сенетін уақытта сапалы білім беру мен болашақ ұрпаққа ұлттық тәрбие беруде бар күш-жігерін аямайтын ұстаз атаулының рөлі ерекше. Білімін шәкірттеріне үйретіп жүрген сондай мұғалімдердің бірі – Қ.Абаханов атындағы орта мектептің графика және жобалау, көркемеңбек пәнінің мұғалімі Мұханбетжанова Жанар Шайқосқызы.

1971 жылы Исатай ауданы Жанбай ау ылында дүниеге келген ол орта мектепті бітірген соң А.С.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтының көркемсурет және графика факультетін тәмамдайды. Қазақстанға танымал белгілі суретшілерден дәріс алып, бала күнгі арманына қол жеткізеді. Бала кезінен сурет салып, киім тіккенді ұнататын кейіпкеріміздің әкесі ағаш шебері болса, анасы кесте тігіп, қолөнермен айналысқан. Ал, нағашы әжесі алаша тоқыған екен. Осылайша, өнермен сусын дап өскен ол болашақ мамандығын әу баста таңдап қойыпты.

– Әжем "қыз бала жат жұрттық, әйел адамның қолынан өнер келсе, ол өлмейді" деп ине ұстатып, қолынан келген өнерінің бәрін үйретті. Менің анам да қолөнерге жақын. Жұмыстан тыс уақытта үйде оты рып, тоқыма тоқып, тігіс тігемін. Қолыма мата, ине мен жіп алғанда жұмыстан шар шап келгенімді ұмытамын. Жалпы ұлтымыздың қолөнері – қиын да қызық жұмыс. Қазіргі технология дамыған заманда қолөнерімізге екі үрдіс деп қарауға болмайды. Әкенің қанымен, ананың сүтімен берілген осы бір тәсілді меңгеруге өзім бала кезімнен ден қойдым. Бұйымдардың бәрі үй жағдайында жасалатын болғандықтан, ол кезде біраз қиындықтардың болғаны рас. Сол кездегі кедергілерден кездескен тәжірибеме сүйене отырып, бүгінде бала ларыма жағдай жасауға тырысып жүрмін. Қыздарым да өзім секілді тігін өнерін жақсы көреді. "Бақыттың кілті - еңбекте" дегендей, Яғни бүгінгі қоғамда шынайы еңбектің ырыс-несібесі мол. Күні бойы тапжылмай отырып, он саусағы майысқан тігінші шеберлердің келістіріп тіккен киімдеріне құрметпен қарап, еңбегін бағалауымыз керек. Осы салаға баулып, өнердің қыр-сырын үйреткен марқұм Айбар Сейтеймов, Гуль нара Махметова сынды ұстаздарымның еңбегі зор. Ал, шәкірттерімнің бірқатары өзім секілді мұғалім болса, бірі дизайн сала сында, енді бірі кәсіпкерлік бағытта кәсібін дөңгелетіп жүр. Қазіргі таңдағы негізгі ұстанымым – ұлттық өнерді дамытуға үлес қосу. Сабақ барысында сол бағытта мән беріп, білім берген шәкірттерім құндылықтарымызды бағаласа екен деймін, - дейді ол бізбен әңгімесінде.

Жанар Шайқосқызының ұстаздық қызметте жүргеніне 32 жыл болған. Білімін үнемі жетілдіріп, жаңа оқу үрдісінің тиімді жолдарын үйреніп, өз шығармашылығында қолданып отырады. Әрбір сабағына жауапкершілікпен дайындалып, оқытудың белсенді әдістері мен тәсілдеріне құрылып, сәтті өтеді екен. Сонымен қатар, мемлекеттік шығармашылық тапсырыс аясында Damubala платформасы арқылы қызмет жүргізіп отырған «WEST 666» өнер орталығының сурет салу және кескіндеме үйірмесінде жетекшілік етеді.

Ол 2022 оқу жылында «Көркем еңбек пәнін оқытудың заманауи әдіс-тәсілдері» тақырыбындағы облыстық семинарға қатысып, сертификат, «Менің үздік сабағым» байқауынан ІІ орын, облыстық педагогикалық оқуға қатысып, ауданнан I орын, облыстан  «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ-ның Құрмет 
грамотасын, 2020  жылы «Әдістемелік қоржын» байқауының аудандық кезеңінен 
ІІІ орын иеленген. Еңбегі елеусіз қалмай, «Номат» қоғамдық бірлестігінің, облыс әкімінің, Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы сәндік өнер музейінің, республикалық педагогикалық 
ғылыми-әдістемелік «Қазақстан ұстазы» журналының, «Алтын глобус» халықаралық білім мен ғылыммәдениетін дамытудың оқу-әдістемелік ғылыми-инновациялық академиясының,  облыстық білім беру басқармасының Алғыс хатымен марапатталған. Жанар Мұханбетжанова – өз пәнін оқытудың теориясы мен методикасын жетік білуімен, әрі адал еңбегімен шәкірттерінің алғысына бөленген жан. Балаларға білім беріп қана қоймай, олардың сан қырлы мамандықты игеруіне көмектесіп, шығармашылық бұйымдар жасауға үйретіп, жұмыстарын түрлі көрмелерге ұсынып, белестерді бағындырып жүр.

Бұдан бөлек графи ка, кескіндеме бағытында сурет салып, шәкірттері де бұл бағытта көптеген жетістікке жеткен. Мәселен, шәкірті Қалида Оңдасын облыстық республикалық, сайыстардың бірнеше мәрте жеңімпазы атанған. 2024-2025 оқу жылы басталғалы «Махамбет шығармаларына иллюстрациялық сурет салу» сайысының облыстық кезеңінде І орын, 2023-2024 оқу жылында «Бояулар құпиясы» жас суретшілер байқауынан республикада ІІІ орын, 2022-2023 оқу жылында жалпы білім беретін мектептердің 8-10 сынып оқушылары арасында өткен «Меңдекеш Сатыбал диев оқуларының» облыстық кезеңінде шығармаларынан иллюстрациялық суреттер салу бағыты бойынша І орын, 2022-2023 оқу жылында жалпы білім беретін мектептердің 8-11 сынып оқушыларына арналған республикалық «Әбіш оқуларының» облыстық кезеңінде І орын, «Әбіш Кекілбаев шығармаларынан иллюстрациялық суреттер салу» бағыты бойынша республикалық кезеңінде ІІІ орын алса, Нұрлыгүл Нұрлыбекқызы 2020-2021 оқу жылында осы сайыстың облыстық кезеңінде І орын иеленген.

«Ж.Нәжімиденов оқулары» байқауының аудандық кезеңінен Кермеқас Байсалқызы ІІ орын, «Бояулар құпиясы» жас суретшілердің байқауынан Мерует Айдосова аудандық кезеңінен ІІІ орын иеленсе, Кермеқас Байсалқызы, Қалида Оңдасын аудандық кезеңінен І орынды иеленіп, облыстық кезеңіне жолдама алған. 2021-2022 оқу жылында «Бейбітшілік пен мейірімділік періштелері» тақырыбындағы республикалық сурет байқауының аудандық кезеңінен Мөлдір Серік І орын, Қарақат Қайролла І орын, Жандаулет Тимур ІІ орын, Нұрдаулет Әбілхалық ІІІ орынды иеленіпті.

Қорыта келе, шәкірт бойындағы шырақты жағып, дарыны мен талантын байқап, жеке тұлға болып қалыптасуына көмектесіп, рухани өмірдің сан қырлы әлеміне же телей білген Жанар Шайқосқызындай ұстаздарымыздың саны арта берсін дегім келеді.

Жадыра НАРИМАНҚЫЗЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521