Тұрғындарға айыппұл салғанмен айылын жимай жүр

Кент ішінде иесіз жүрген малға әбден көзіміз үйренген.

Алайда бұл жайт иесіз малдың қоқыс контейнерлерде жайылатындығы, көше бойындағы жасыл-желекті қоймайтыны, автокөлік жолдарынан шықпайтыны сынды мәселелер туғызып отыр. Осыған орай тұрғындармен түсіндіру жиыны «Борат» мәдениет үйінде өтті. Индербор кенті әкімінің уақытша міндетін атқарушы Алтынбек Ғабдуллин кейбір тұрғындар арасында малын өрістен гөрі, кент ішіне алаңсыз қоя беретіндігін, бұл өз кезегінде мәселелер туындатып, ендігі учаскелік инспеторлар арқылы айыппұлдарға тартуға тура келіп отырғанын жайып салды. Жергілікті полиция қызметінің учаскелік инспекторы Батырбек Қайыржановтың айтуынша, осындай келеңсіздікке жол берген 19 малдың иесіне Әкімшілік кодекстің 505-баптың 1 бөлігімен ескерту берілген және осы баптың 2 бөлігімен, яғни жыл ішінде қайталап жасағаны үшін 1 мал иесіне 36,075 теңге айыппұл салынып, өндірілген.

Аудандық ветеринариялық стансаның басшысы Ербол Бөкеев елді мекендер аумағында жануарларды асырауда 2016 жылы облыстық мәслихаттың шешімімен бекітілген қағидасы негізге алынып отырғанын алға тартты. Қорыта айтқанда, кент әкімінің міндетін атқарушы малын иесіз жіберіп реніш туғызып отырған мал иелеріне алдағы уақытта да тиісті шаралар алуға тура келетіндігін, сондықтан да тұрғындардың малға иелік етуде салғырттықпен қарамау керектігіне назар аудартты.

С.САНСЫЗБАЙҰЛЫ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT