Сыбайлас жемқорлық туралы Заң

Қазақстан Республикасы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңы соңғы кездерде қабылданға ең пәрменді заңдардың бірі болып табылады. Бұл Заң осы бірнеше жыл ішінде жоғары маңызға ие болып, мемлекеттік қызметшінің күнделікті пайдаланатын оқу құралына айналып отыр. Заңның ең басты құндылығы, ол азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін, жемқорлық көріністерді туындататын қауіптен сақтауға, сондай-ақ жемқорлыққа байланысты құқық бұзұшылықтың алдын алу, тыю және ашу жолында мемлекеттік органдардың қызметін қамтамасыз етуге бағытталған. Елбасының сыбайлас жемқорлықпен күресінің Қазақстан Республикасының Құқықтық саясат тұжырымдамасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларға маңызды рөл бөлінген. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша үстіміздегі жылы салалық бағдарламаға неғұрлым пәрменді құқықтық тетіктер мен қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды енгізуге бағытталған өзгерістер енгізілді. Осы құжаттың негізгі бағыттарының бірі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу мен профилактикасы бойынша жұмысқа қоғамның өзін тарту болып табылады. Қазір ел алдында тұрған өзекті мәселенің бірі-мемлекеттік қызмет саласындағы сыбайлас жемқорлық.Сыбайлас жемқорлық экономикалық заңдардың іс – әрекеттерін төмендетеді және әлемдік қауымдастықтың алдында елдің беделін түсіреді, тиімді шетел инвестиция жолында басты кедергі болып табылады. Адал, әлеуметтік бағытталған бизнес нарықтан ысырылады, мұндай бизнесті тиімсіз етеді және экономиканың дамуына кедергі келтіреді. Сондықтан сыбайлас жемқорлық мәселесі мемлекет пен қоғамның бүкіл саласына қатысты сипат алып, бұрынғыдан бетер өзектілене түсуде. Сонымен қатар салық органдары қызметкерлері мен салық төлеушілердің жеке байланысын болдырмау мақсатында, салықтық әкімшілендіру мен бақылаудың бірнеше процестері автоматты тәртіпке көшірілді. Автоматтандыру және жаңғыртуға бағдар, бизнеске қатысты бюрократиялық кедергілерді қысқартуға негізделген ұстаным экономиканы және кәсіпкерлік бастаманы дамытуға оң әсерін тигізіп қана қоймай, ұлттық экономикаға келетін қауіпке нақты қарсы тұру үшін ресурстарды босатып алуға мүмкiндiк бередi. Оған салық қызметтерiнің деректер қорын бiрiктiру, жалған кәсiпкерлiк фактiлерiн анықтау және алдын алу жөніндегі, салық төлеуден жалтару мен заңсыз әрекеттерге қарсы басқа да түрлерін ресiмдеудi автоматтандыру және бiрiздендiру есебiнен қол жеткiзілді. Осының есебiнен бизнес өкiлдерi мен жедел қызметкерлердің өзара iс-әрекеті едәуiр оңтайландырылды. Осылайша, кәсiпкерлердiң ісіне араласпау ұстанымы жүзеге асырылды – егер кәсіпкерлік заңның талаптарына сәйкес жұмыс iстесе, оны ешкiм де тексермейдi. Жедел жұмыстың жаңа қағидаттары мемлекеттiк органдарға қылмыстардың экономикалық қаупін дер кезінде табуға, қолма-қол ақшамен заңсыз операцияларды жүргiзуге, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсiмiн арттыруға, сондай-ақ, тұтынушылардың құқығын қорғауға мүмкіндік туғызады. Басқармамен камералдық бақылау жүргізіліп нәтижесінде салық есептіліктерін дұрыс толтырмаған және мемлекеттік сатып алу сомаларын толық көрсетпеген салық төлеушілерді анықтап қосымша салықтарды бюджетке өндірілді. Мемлекеттік кірістер органдарымен көрсетілетін 31 мемлекеттік қызмет түрі енгізілген, оның ішінде 16 қызмет салықтық және 15 қызмет кедендік бағыттағы. Бүгінгі күнде мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің толықтай автоматтандырылған. Мемлекеттік кірістер органдарымен мамыр айында заңды тұлғалардан 1580 салық есептемелер қабылданған оның ішінде 1345 жеке тұлғалардан, салық төлемдерді қайтару есептеу бойынша 68 арыздар түсіп тиісті жұмыстары көрсетілді.. Салық қызметінің стандарттары туралы кез-келген салық төлеуші салық органдарының салық есебін қабылдау және өңдеу ақпараттық стендтерден, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлеккттік кірістр комитетінің http://www.kgd.kz/ ресми сайты арқылы таныса алады. Басқармада сенім телефондары, арыз-шағым, ұсыныс-пікір жәшіктері және Қазақстан Республикасы қаржы Министрлігі Мемлекттік кірістр комитетінің Веб порталында электронды шағым кітабы жұмыс тіркелген.

Светлана Исалиева

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521