Кең байтақ Қазақстанның орман-тоғайы кемшіндеу екені рас. Орман қоры еліміз аумағының 4 пайыздан сәл ғана астам жерін алады екен.
Оның өзінде орманды алқаптың тең жартысын сексеуіл екпелері қамтитын көрінеді. Құрлықтық климат орманды алқаптарды кеңейтуге, орман шаруашылығын дамытуға өзіндік қиындықтарын тигізетіні белгілі жайт. Өңірімізде Жайық өзенінің жеткілікті тасымауы өкінішке орай өзен бойындағы жауһарымыз - ен тоғайдың да қурауына әкелуде. Орманшылардың айтуынша, орман ағаштары негізінен Жайық тасыған кезде табиғи жолмен суарылуы керек. Түрлеріде жайылмаға шығатын ағаштар. Алайда соңғы жылдары Жайық тасымағандықтан, сай-салаға су шықпай табиғи суарылуы жүзеге аспай, қуаңшылыққа тап болып отыр. Әрі жерасты суы төмендеп кеткендіктен, өсіп тұрған ағаштардың да тамыры жеткілікті нәр ала алмауда.
Бұған дейін «КазАгроИнновация» ЖШС ормандардың қурау себебін су құнарының жетіспеуінен екендігін ресми түрде дәлелдегенін аталмыш мекеме директоры Талғат Досанның өзі де атап өткен болатын. Бұдан бірер жыл бұрын орманшылардың тоғай ішінен скважиналар қазылып, ағаштарды қолмен суаруға әрекеттенгендеріне куә болғанбыз. Алайда жерасты суы жиі сарқылып қалып, қажеттілікке жетпей қиындық туғызды. Ал орман қорының бәрін қолмен суару мүмкін емес. Дегенмен, өлкемізді мүмкіндігінше жасыл желекке бөлеп, орманал қаптарын кеңейтуге басымдық берілуде