СОЛДАТ ІЗІ ҚАЛҒАН ЖЕР

Өткенсіз бүгін жоқ, әрине. Алайда соны көп жағдайда ескере қоймаймыз.

Айталық, Есбол ауылында 1939 жылы ірге тасы қаланған алғашқы әскери комиссариаттың ғимараты жеке үй есебінде тұр. Оның не қажеті бар деп ойлайсыз ба?

Келесі жылы Ұлы Жеңіске-80 жыл. Бұл сұм соғысқа осы әскери комиссариат арқылы біздің ауданнан 3800-ден аса адам шақырылып, олардың 1855-і майдан даласынан оралмай қалды. Солардың қатарында Кеңес Одағының батырлары Боран Нысанбаев, Иван Махорин, Иван Березиндер бар. Яғни сол Отан қорғауға аттанған аталарымыз осы ғимарат жанында тұрып, ата-ана, бауырларымен қоштасты, сүйген жарынан ұзап кетті. Туған жерінің топырағын соңғы рет басып тұрғанын сезбеген батырларымыз жорыққа аттанар сапарында осы жерде ойнап-күліп, әңгіме-дүкен құрды ғой. Солардың кейбірі елге жаралы болса да аман-есен келді. Мәңгіге із-түссіз кеткені қаншама? Ал қайран біздің аналарымыз бұл жерге күніне он келіп, отағасын, бауырларын, балаларын күтіп жүрмеп пе еді? Құдайдан медет сұрап, бір хабар күтпеп пе еді? Енді тасбауыр болмасақ осыны бір көз алдымызға елестетіп көрейікші. Ендеше сол соғыс солдаттарының ізі қалған, аналарымыздың көз жасы тамған тарихи ғимаратты сақтап қалу жағын ойластырып, мұражай жасап, өткеннің бір ескерткіші ретінде болашаққа аманаттаса қайтеді?! Сіз қалай ойлайсыз?

Жан Аман

Есбол ауылы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT